167 Диалогтар (29-күн)
Мысық асырау
Айбике: Әкешім, үйге мысық алайықшы!
Әкесі: Мысық ұстау оңай емес. Оған күтім керек, арнайы тамағы керек. Жуындыру керек.
Айбике: Жоқ, мысықтарды шомылдыру қажет емес. Олар өз-өзін тазалайды.
Әкесі: Оның түрлі аурулары болады.
Айбике: Мысықты мал дәрігеріне көрсетіп, арнайы екпелерін салғызамыз.
Әкесі: Мысыққа уақыт және көңіл бөлу керек. Онымен ойнау керек.
Айбике: Мысыққа мен өзім қараймын, өзім ойнатамын. Ол жағын уайымдамаңыз.
Әкесі: Егер мысықтың күтімін толық өзің мойныңа алсаң, онда мысық асыраймыз.
Айбике: Алақай, менің мысығым болады. Әке, сізге рақмет!