44 Мәтіндер (13-күн)

1. ҚАҒАЗ КІТАПТЫҢ ТАҒДЫРЫ 

Айналамыздағы барлық заттардың электронды форматқа өте бастауы, автоматтана бастауы – түбі қағаз кітаптің да жоғалуына әкелуі мүмкін деген болжамдар жоқ емес. Бұның бір себебі ғылым мен техниканың дамып, жаңағыдай күрделі функциялы заттардың көп шығуы болса, екінші себебі, экологиялық және экономикалық жағдайға қатысты мәжбүрлік деуге болады. Қағаз кітапті басып шығару күн өткен сайын қымбаттай түсуде. Ірі баспалардың көбінде бұрынғыдай сия пайдаланылмағанмен лазер аппаратына сай келетін қымбат қағаз сатып алу керек. Ал шағын баспалар сия мен қағазды бірдей сатып алады. Бүгінгі таңдағы баспа аппараттары күрделі және аса қымбат тұрады, оның сыртында баспаханада жұмыс істейтін адамдардың еңбек ақысы да уақтылы төленуі керек. Осының бәрі қағаз кітапты басып шығарудың құнын жоғарылата береді. Әдетте қағаз ағаштан жасалады, екі тонна ағаш үгіндісінен бір тонна қағаз жасалады, бұл өз кезегінде экологияға үлкен шығын.

Дегенмен электронды кітаптарды компьютерден немесе смартфоннан, я планшеттен оқу біршама жайсыздық тудырады. Бұл құрылғылардан шашырайтын инфракүлгін сәулесі адамның көзін ауыртып, тез шаршатады. Сондықтан әлемдегі жаңа технологиялармен айналысатын бірқанша компаниялар жаңа электронды кітап оқу құрылғысын жасап шығарды. Бұлардың ең танымалдары Amazon kindle, Sony Digital paper, Pocketbook қатарлылар. Бұл құрылғыларда Digital paper, E-ink секілді кәдімгі сиялы қағаздарға ұқсатылып жасалған электронды қағаздар пайдаланылады. Бұл кітаптар күн сайын жетілдіріліп, оқырманға шынайы қағаз кітаптің эффектін ұсынуға барынша тырысып бағуда.

To read more, visit the link.

2.ОҚУ МЕН ОҚЫМАУ ҺӘМ ТАЛҒАМ 

Кітап оқу – талғамнан. Кім қандай шығарма оқыса да, оны қалай бағаласа да өз еркі. Талғамда әділет жоқ. Бір оқырман естен тана оқыған ортақол дүниенің көркемдік осалдығын қалай дәлелдейсің. Жазушының қаламы қай тұста әлсіреп, қай тұста қоюлана түскенін қалай түсіндіресің. Мұндайда бәрі «талғамға талас жоқ» деп дауласады. Дегенмен бұл ақталу әдебиетке, көркем өнерге өте ме? Жазуға да, оқуға да биік талғам керек дейтініміз де содан.

Шартарапқа зер салсақ, көп кітап оқитын ұлт Исландия деп танылыпты. Бәлки, бұл исландиялықтардың ауа райына, табиғатына һәм менталитетіне байланысты шығар. Не десек те, Исландияда жыл сайын мыңға жуық кітап шығарылып, кемі жарты мыңнан басталып, он мыңдаған данаға дейінгі тиражбен жарық көреді. Бір қарағанда аса көп болып көрінбегенімен, елдегі халық санының аздығын ескерсек, 1 000 адамға 3 кітаптан айналады. Исландиялық баспагердің айтуынша, ондағы әр алтыншы тұрғын роман жазады.

To read more, visit the link.

3. КҮНДЕЛІКТІ ҚАЛАЙ ЖАЗАМЫЗ?

Жеке күнделігіміз болғандықтан, ол беттерде өзіміздің бір бөлшегіміз бар десек те болады. Сондықтан оны әркім өз еркінше пайдаланады. Әңгіме электронды күнделік емес, қағаз күнделік турасында болатынын бірден ескертеміз. Біреулер күнделікті ішіндегі сырын айтуға болатын адал досындай көреді. Ал енді біреулер үшін өмірлік естеліктерін жазатын дәптер болса, енді бірі оны өткен өмірге көз жүгіртіп, қорытынды шығаруға мүмкіндік беретін құрал ретінде біледі. Тұрмыста маңызды деген істерге уақыт жетпей жатқанда күнделік жазуға қалай уақыт табамыз? дейтіндер де бар. Меніңше, бос уақыт міндетті түрде болады. Бірақ, оны жұмысқа айналдырудың еш қажеті жоқ.

Жеке күнделік – кез келген уақытта біреу тауып алуы мүмкін зат. Егер біреудің тауып алмағанын қаласаңыз, ешкім ойламаған жерге тығыңыз немесе білсе де, аса ұяла қоймайтын оқиғаларды ғана жазыңыз. Ол жерде ашу, ыза, кек сынды жағымсыз эмоцияларды сыртқа шығаруға болады. Ешкімге айта алмаған сырды жайып салуға мүмкіндік бар. Мұнымен қатар, өткен күндері не істегеніңізді оқу арқылы өзіңізге сырттай баға бере аласыз.

To read more, visit the link.

4. ЖАЗУШЫЛАР НЕ ҮШІН КЕРЕК? 

Габриэль Гарсиа Мар­кес: Мен өмірде өзге еште­ңеге де жарамайтынымды түсінгеннен соң, жазушы болдым. Әкемнің жеке дәрі­ханасы бар еді. Шын мәнінде, ол менің фармацевт болғанымды қалады және ол қалауын уақыт өте келе ауыстырды. Ал менде мүлде бөлек арман болды: менің адвокат болғым келді. Ал кейін… университетке түсіп, сонда оқып жүріп, түрлі қи­ындықтармен бетпе-бет келген соң, адвокаттыққа да жарамайтынымды тү­сіндім.

Содан соң, оның не үшін керек екендігін нақты ұғын­басам да, әңгіме жаза бас­тадым. Алғашында, маған «жазу» деген дүние ұнайтын, өйткені мен түрлі ақпарат құ­ралдарында жариялана бас­тадым. Содан соң, достарым мен таныстарыма ұнау үшін жазып жүргенімді түсіндім. Кейін, өзімнің және өзге де қаламгерлердің жазу­шы­лық өнері туралы ойлай келе, күмәнсіз, жақсы романдардың нағыз әдебиет алдында өзін­дік өзгеше қызметі мен атқа­ратын міндеті бар екен­дігін ұғын­дым. Бір нәрсе ақиқат: жазу­шылық – бас тарта алмайтын қасиет, айналып өте алмайтын қасірет. Ол қасиет кімге қонды, демек, сол адам жазуға тиіс.

To read more, visit the link.

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book