22 Сөздікқор: (4-күн)

Сөздік 

  • Алғаш – тұңғыш, алғашқы рет, бірінші рет
  • Үштік –  спорттық және басқа да конкурстық жарыстардағы алғашқы жүлделі үш орын
  • Жеңімпаз –   жеңген, жеңіске жеткен
  • Қорытынды –белгілі бір әрекеттен, тәжірибеден туындайтын шешім, байлам, тұжырым, тоқтам
  • Тең – бірдей, пара-пар, қатар
  • Талай – әлденеше, бірнеше; көп, көптеген
  • Бәсеке – талас, тартыс, сайыс, бақталастық
  • Білікті –  әр нәрседен жан-жақты түсінігі бар, білімді
  • Отандас – бір елден, бір жерден шыққан, бір отанда өмір сүретін
  • Дүркін – рет, мәрте, қайтара
  • Елеулі –  елерліктей, көзге түсерліктей, көрнекті
  • Шәкірт – оқушы, сабақ үйренуші, тәлім алушы
  • Зиян – залал, зардап, зарар, пайдасы жоқ
  • Талас – белгілі бір мәселе жайындағы пікір тартысы, дау, керіс
  • Екіұшты – анық емес, қайшылықты, қарама-қарсы
  • Дәме – үміт, тілек, ниет
  • Көпшілік – халық, жұртшылық, қауым
  • Сарапшы – арнаулы ғылыми бiлiмi бар, сараптамалық қорытынды беруге құқығы бар заңды немесе жеке тұлға
  • Дерт – ауру, індет, кесел
  • Шынайы – шын, ақиқат, нағыз
  • Табыс – жетістік; кіріс, пайда
  • Әуестік  – қызығушылық, құмарлық, әуесқойлық
  • Батылдық – ержүректік, өжеттік
  • Түкпір – көзден таса аулақтау жер, қиыр шет, алыс жер
  • Мәре – жарыста озып келетін жер; белгілі бір меже; жетер жер
  • Сай – сәйкес, лайық
  • Ажырамас  – айырылмас, бөлінбейтін
  • Жүйрік – ұшқыр, тез жүгіретін, шапшаң
  • Жүлде – көпшілік қатысқан додада қол жеткізетін жеңіс, ұтып алатын арнайы сыйлық
  • Шатыр –  матадан т.б. жасалған төрт бұрышын керіп қоятын баспана
  • Төреші – спорт ойынында төрелік ететін адам
  • Мүше – белгілі бір ұйымның, ұжымның, отбасының құрамына енетін адам
  • Даңқты  – атағы шыққан, елге даңқы жайылған, әйгілі

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book