161 Диалогтар (28-күн)

Қоқысты сұрыптау

Жанар: Сәлем, Маржан! Көшіп жатырсың ба? Қолыңдағы жүгің ауыр сияқты.

Маржан: Сәлем, Жанар! Жоға, бұл балконда сұрыптап жинаған пластик, шыны, қағаз қоқыстар ғой.

Жанар: Үйіңнің жаныңда бұл қоқыстарды тастайтын арнайы жәшіктер жоқ па?

Маржан: Өкінішке орай, жоқ. Сол үшін өзім апара жатырмын.

Жанар: Қызық екен. Қазір барлық үйлердің жанында түрлі-түсті жәшіктер орнатылып жатыр ғой.

Маржан: Әзірше бұл өзгеріс біздің ауданға келмепті. Жақында келер деп үміттенемін.

Жанар: Сұрыпталған қоқысты ерінбей апарып өткізуің сенің табиғатқа деген жанашырлығыңды көрсетеді.

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book