142 Мәтіндер (25-күн)

1. CУБТИТР ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МӘРТЕБЕСІН ТҮСІРЕДІ.  

Мен үшін субтитр қазақ тілінің мәртебесін түсіру секілді көрінеді. Өйткені, Қазақстанда тұрып, кинотеатрдан орыс тіліндегі фильмдерді көру ақылға қонымсыз. Қазақстанда субтитрді ешкім оқымайды да. Өйткені, бәрі орыс тілін біледі. Еш пайдасы жоқ дүние үшін ақша жұмсап жатырмыз. Мысалы, балаларға арналған фильмдердегі субтитрді ешкім оқып үлгермейді. Бұл балалардың құқығы бұзылып жатқанын білдіреді. Әр бала мультфильмді қазақ тілінде көруге құқылы.

To read more, visit the link.

2. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ – АЛМАС ҚЫЛЫШ 

Режиссері: Рүстем Әбдрашов

Жанры: экшн, тарихи драма

“Қазақ хандығы” сериалының кино нұсқасы жыл басында көрерменге жол тартқан болатын. Ілияс Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясының негізінде түсірілген фильм Қазақ хандығының қалыптасу кезеңінен сыр шертеді.Фильмнің түпнұсқасы толығымен қазақ тілінде, арасында жоңғар тілінде және солтүстік моңғол диалектісі бар. Прокатқа орыс тілді нұсқасы да әзірленді.

To read more, visit the link.

3. “МЕНІҢ АТЫМ – ҚОЖА” КӨРКЕМ ФИЛЬМІНЕН. 

Фильмде кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әртүрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да, жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болуды армандайды.

To read more, visit the link.

4. “АМАНАТ”  

Жылы: 2015

Елі: Қазақстан

Жанры: драма, тарихи

Премьерасы: 19 мамыр, 2016 жыл

Режиссері: Сатыбалды Нарымбетов

Фильм нақты тарихи оқиғаларға негізделген. Фильмде бірнеше оқиға параллельді көрсетіледі. Біріншісі – 19-ғасырда өмір сүрген Кенесары ханның өмірінің соңғы жылдары, екіншісі – Кенесары жайлы зерттеулер жүргізген Ермахан Бекмахановтың жастық шағы мен қуғынға ұшыраған жылдары, үшіншісі – Ермахан Бекмахановтың өмірін зерттеумен айналысқан жас журналист Рамазан Думанның бастан өткізгендері. Шиеленіске толы үш оқиға қатар өрбитіндіктен, көрермен қабылдауына ауыр тиетін тұстары да бар.

To read more, visit the link.

5. “ҚАШ”ФИЛЬМІ  

«Қаш» фильмі. Бұл фильм әлемдік дәрежедегі қазақстандық клипмейкер Айсұлтан Сейітовтың дебюттік толық метрі.

Фильмнің сюжеті қазақ көрермені үшін өзекті 1930 жылдардағы отарлау кезеңі туралы баяндайды. Бас кейіпкер қорымшы Исатай (Еркебұлан Дайыров) бүкіл ауылдың тағдыры байланысты болатын күрделі таңдаудың алдында тұрады.

Фильмде сондай-ақ Оңдасын Бесікбасов, Александр Паль және Варвара Шмыкова сияқты актерлар түседі. Фильмнің премьерасы 2022 жылдың күзінде өтеді. Ал тизерін интернет желісінен тамашалауға болады.

To read more, visit the link.

 

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book