69 Мәтіндер (9-күн)

 

1. ШЕТ ТІЛІН БІЛУДІ АНА ТІЛІНЕН БАСТАУ КЕРЕК

Қазақстанда тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдар­лама­сының мақсат-міндеті ретінде елімізде тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, Қазақ­стандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты ая­сында ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену, оқыту­дың үштілді моделін дамыту көзделгені белгілі.

Бүгінгі күні еліміздің әлемдік өр­ке­ниеттен қалыс қалмай, дүние ­жү­зінің дамыған отыз елінің қатарына қо­сы­лу мақсатында елдің бәсекеге қабі­лет­тілікке ұм­­­ты­луының ұтымды жолда­ры­ның бірі ретінде «Үш тұғыр­лы тіл» бағдарламасының қабыл­дануының орны ерекше екені түсінікті.

To read more, you can visit the link.

2. ШЕТ ТІЛІН ҚАЛАЙ ЖЫЛДАМ ҮЙРЕНУГЕ БОЛАДЫ?

Өзіңізге сене біліңіз. Жаңа тілді үйрену жастық шақтан өте икемді болып келетіні рас. Сол себептен, көптеген ересек адам «мен тіл үйренуден жасым өтіп кеткен» дегендей себептерді алға тартады. Ал шын мәнінде тілдік әрбір аспекті үлкен адамға тез жатталады. Мысалы, ересек адам кішкене мектеп баласына қарағанда грамматикалық ережелерді жылдам түсіне алады. Сосын мектеп оқушысы үйреніп жатқан тілін өз туған тілімен салыстыра оқи алуы екіталай. Себебі екі тілді салыстыра немесе салғастыра алу үшін, алдымен оның тілдік құрылымдарын білу керек.

Өзіңізге сеніп, көп нәрсені талап етудің де қажеті жоқ. Диалог барысындағы қателіктеріңізді ескеріп, дұрыстап отыруға тырысыңыз. Себебі туған тілімізде сөйлеген кезде де қателіктердің болатыны рас. Сондықтан шет тілінде сөйлегенде қате болса да өз пікіріңізді білдіруге талаптана беріңіз. Сосын жіберілген қателіктерге жеке-жеке мән беретін боласыз.

To read more, you can visit the link.

3. КЕЗ КЕЛГЕН ТІЛДІ ТЕЗ ҮЙРЕНУ ТӘСІЛДЕРІ 

Французша үйрену үшін міндетті түрде Францияда тұрудың қажеті жоқ. Бұл да — мидағы шектеу. Тіл үйрену процесін кейінге шегеріп тұрған да себеп осы болып шығуы мүмкін. Өйткені түптің түбінде өзіңіз сенімсізсіз. Ал негізі тұрып жатқан еліңіздегі мемлекеттік тіл басқа болса да, жаңа тіл үйренуге еш кедергі жоқ. Тіпті сол тілде сөйлейтін елге көшіп барғандардың ішінде де әлі тіл үйренбегендерді табуға болады. Соған қарап-ақ ойлана беріңіз. Демек, мәселе сізде ғана. Бастысы, құлшыныс пен қажырлы еңбек. Айтқандай, интернеттің шексіз мүмкіндігін пайдаланыңыз. Өзіңізді қызықтырған тілде сөйлейтіндерді тауып алу оңай. Солармен күнделікті байланысқа шығып, сөйлесіп тұрсаңыз болады. Тіпті таппаған күннің өзінде сол тілдегі сайттарды оқыңыз. Кемінде жаңалықтарды оқу арқылы сөздік қорды молайта аласыз.

To read more, visit the link.

4. ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУ ҚИЫН БА?

Қазақ тілін қандай шетелдік үйренуге ниетті болуы мүмкін? Олар – елшілер, инвесторлар, туристер, ғалымдар, миссионерлер. Егер осы қатардағы мамандарға қазақшаны жеңіл үйрете алсақ, онда қазақ тілі экономика, туризм, ғылым, мәдениеттің тіліне айналып шыға келмей ме? Оған қалай жетеміз? Дүние жүзінде 110 миллион ағылшын бар. Алайда әлемдегі ағылшын тілін қолданушылардың саны бір жарым миллиардтан асады. Сонда ағылшын тілінің өрісі оны үйренген 73 пайыз шетелдік пен өзге ұлттың есебінен кеңейген. Неге? Неліктен өзге ұлттар мен шет­елдіктерге ағылшынша үй­рену оңай болды?

Шынында, ойланып қара­ңызшы, қазақ тілін өзге бір ұлт өкіліне, қандай да бір шет­ел­дікке үйрету – оған ден қойған кез келгеннің қолынан келетін-ақ іс екен. Қалай? Әрбір адам, мейлі ол ересек немесе қарт адам болсын, жаңа тілде – бала. Тіпті сәби деп те қабылдаған жөн. Бала бірінші көп тыңдауы керек. Сонан соң бір буынды, кейін екі буынды көп қолданылатын сөздердің айтылуын қайталайды. Айна­ладағы әр заттың атауымен танысады, сөздік қор қалып­тасады. Әрі қарай екі сөздің, кейін сөз тіркестерінің басын қосады. Солай сөйлеп кетеді. Әсілі, бәрі – қарапайым. Бірақ түбінде қазақ тілін терең үйренуді қалайтындар үшін жоғарыда сарапшылар айтқан кедергілер алдымыздан шығады. Демек, олар шешілуі тиіс.

To read more, visit the link.

5. ХАЛЫҚҚА ҚҰРМЕТ ТІЛІН ИГЕРУДЕН БАСТАЛАДЫ

Әдетте шетелдіктер жергілікті халықпен тілдесу үшін орыс тілін таңдайтыны белгілі. Бірақ арасында қазақ тілін меңгеруге ден қойып жүргендер де бар. Солардың бірі – Ракель Рейнегул. Ракель YouTube-тағы жеке каналында Қазақстандағы өмірі, қазақ тілін үйренуге қатысты түрлі видео түсіреді.

– АҚШ-тың Техас штатында дүниеге келіп, сонда өс­кенмін. Бастапқыда Қазақстанға келгенде орысша үйрене бастаған едім. Қазақ тілін үйренсем, өзім тұрып жатқан ел мен оның халқын құрметтейтінімді түсіндім. Қазақ тілін меңгеру жеңіл болды деп айта алмаймын. Мен қазір ағылшын тілінде сөйлейтін ортада жұмыс істеп жүрмін. Сондықтан қазақша сөйлесуге мүмкіндік жоқ. Мысалы, тілді енді меңгеріп жүр­гендерге арналған бірқатар құрал болғанымен, олар медиа тілді жетік білетіндерге арналған.

To read more, you can visit the link.

Берілген мәтін бойынша төмендегі тұжырымдардың “дұрыс”, “бұрыс” немесе “мәтінде берілмегендігін” анықтаңыз.

definition

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book