38 Мәтіндер (12-күн)

1. ҚАНДАЙ КІТАП КӨП ОҚЫЛАДЫ?

Еуропаның кітапсүйер қауы­мы «классикалық» детективке деген құмарын əлі баса алмай келеді. Бұ­ған ХХ ғасырдағы британиялық де­тективтің əсері мол болғаны анық. Еуро­пада шыңына шыққан бұл жанрды бүкіл əлем оқиды. Одан кейінгі орын­дарда балалар кітабы, мистика, сентиментальді махаббат романда­ры, танымдық-ғылыми кітаптар, қазіргі заман Еуропа романы (детек­тив, мистика, эротика, параноя, дадаизм мен эпатаж элементтері бар роман), тарихи романдар, манга мен комикстер, аспаздыққа баулу кітап­тары орналасқан. Бұл жерден де еуро­па­лықтарға тəн дүниетанымның, попса мəде­ние­тінің, жыныстық теңдік, өзін тұл­ға ретінде қалыптастыруға ты­рысу секілді Батыс халқына тəн мен­талитетті көре аламыз. Бұл жер­­де біз нақты əдеби көркем шы­­ғарма тұрғысынан қарағанда, нон-фикшннен бөлек, екі өңірден де фэнтези, детектив, мистика, за­манауи романдардың халық сұ­ранысына ие екенін білуге болады.

Фэнтези мен фантастиканың таны­малдылығын қалай түсін­діруге болады? Бұл жерде нақ­ты өмірден қашу бар. Яғни бұл өмірде болуы мүмкін емес нəрсе­лердің бар болуы да адамды қиял­дауға жетелейді. Тағы сол жоғарыда айтып өткен жұмыс пен үйдің ортасында жүрген адам­дардың қиялдауға деген ынтасын айта кеткеніміз жөн. Ал өздігінен қиялға беріле алмайтын адам кітаптағы, кинодағы қиялға еріп, өмірден бір сəтке болса да қашуға мүмкіндік алады.

To read more, visit the link.

2. МОТИВАЦИЯЛЫҚ КІТАПТАР СӘНГЕ АЙНАЛДЫ

Мотивациялық кітаптар шы­нымен де жалқау адамды ең­бек­қорға, жігерсізді батыл­ға айналдырып, табысы тө­мен жанды ауқаттылардың қа­та­­рына қоса ала ма? Қоғам қажеттілігінен туындаған мотивациялық кітаптар белгілі бір уақыт аралығында ғана танымал болып, кейін жоғалып кетуі мүм­кін. Оқырман ойы да екі жақты. Бірі кітаптарды жеке тұлғаның ақ­ша табу құралына санаса, енді бірі білімге құштар болу үшін ерек­ше шабыт береді деп санайды.

– Мотивациялық кітаптар де­ген­де бір нәрсені жақсы түсініп алуы­мыз керек. Кез келген адам өмір сүру деңгейінде біреу дамиды, біреу даму үстінде болса, енді бірі кәсіп ашқысы келеді. Әр кезеңде әртүрлі әсер етеді. Ең көп сатылған кітап­тар­дың қатарында Қуаныш Шон­бай­­дың «Екінші болма» кітабы тұр. Мәсе­лен, «Екінші болма» кіта­бы қала­лар­да өткізілген семи­нарларда біраз адамның өміріне әсер еткеніне көзіміз жетті. Себебі тілі өте жеңіл, 100 мың данасы сатылғанының өзі бекер емес деп ойлаймын. Ал «Құ­пия» кітабының 30-40 мың данасы шығып, оқырманға жол тартты. «Екінші болма» кітабына қарағанда «Құпия» кітабы сәл баяулау.

To read more, visit the link.

3. КІТАП ОҚУДЫҢ ПАЙДАСЫ

Кітап оқу ойды дамытады. Кітап оқу ой өрісімізді кеңейтеді. Себебі шығарманы оқу кезінде біз басты идеяны, сюжетті түсіну үшін терең ойға түсеміз. Кітап оқу күйзелістен арылтады. Қазіргі заман күйінде адамдардың басты мәселелерінің бірі – күйзеліс пен мазасыздықтан құтылу. Ал кітап оқу күйзеліс деңгейін 68%-ға дейін төмендете алады. Небәрі 6 минут кітап оқу жүрек соғысын бәсеңдетіп, бұлшық ет қызуын төмендетеді. Бұл мақсатта фантастика жанрындағы кітаптарды оқу жақсы көмекші болады.

Кітап оқу Альцгеймер ауруының алдын алады. Соңғы зерттеулер нәтижесі бойынша кітап оқу ми ауруының алдын алуға көмектесетіні анықталды. Себебі оқу кезінде миыңыздың белсенділігі арта түседі. Кітап оқу ойлау мен есте сақтау қабілетін жақсартады. Оқу барысында біз кейіпкерлердің киімін, мінезін, жүзін, қоршаған ортасын елестетеміз. Сонымен қатар, оқиғаны толық түсіну үшін есте сақтауға тырысу керек. Осындай әрекет есте сақтау мен ойлау қабілетін дамытады.

To read more, visit the link.

4.ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТЫҢ ТИІМДІЛІГІ НЕДЕ?

Электронды кітап шыққалы баспа өндірісінің дамуы бәсеңдеп қалды. Жүздеген, мыңдаған таралыммен шы­ғатын кітап саны азайды. Кітап сататын дүкендерге, кітапханаларға баратын адам санына бұрынғыдай көңіл толмайды. Осылайша, қағаз кітаптың орнын сандық кітап басып келеді.

Сандық кітаптың тиімді тұстары да жетерлік. Электронды құрылғылардың басты жетістігі – көптеген құжатты сақтай алуы. Дәл сол секілді электронды кітаптарға да талай том кітаптар сияды. Қағаз бетіндегі кітаптан артықшылығы көлемінің аздығы, толық мәтінді іздес­тіру мүмкіндігі, гарнитура мен қаріп кеглін тез әрі оңай ауыстыра алу мүмкіндігі, кітап мәтінін аудио түрінде тыңдай алу, жарықсыз-ақ кітапты оқи беру, таралымның арзандығы, қағаз бетіндегі кітаппен салыстырғанда шығару уақыты әлдеқайда жылдам болуын­да. Сандық кітапты қалаған жеріңізде, қалаған уақытта оқи беруге де болады.

To read more, visit the link.

 

definition

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book