1 Мәтіндер (1-күн)

1. ӘЛЕМДЕ ЕҢ ЖОҒАРЫ ЖАЛАҚЫ АЛАТЫН МАМАНДЫҚТАР

Тіс дәрігерлері  (стоматологтар)  жақсы табысқа ие. Шетелде білікті тіс дәрігері жылына 150-250 мың долларға дейін жалақы ала алады. Ол кәсіби шеберлікке байланысты. Емтихан тапсыру арқылы өзіңіздің біліміңізді дәлелдеп, таңдалған елдің тілінде дипломды растау қажет. 3-4 жыл тәжірибеден өту қажет болуы мүмкін. Америкада өтініш берушіге қолайлы жұмыс табуға көмектесетін арнайы бағдарламалар бар. Осындай тәжірибеден Біріккен Араб Әмірліктері, Чехия, Германия және Аустралия сияқты басқа елдерден өтуге болады.

To read more, you can visit the link.

2. Ерекше қажеттілігі бар жандар мамандық иесі атанды 

Көз жанарынан айырылса да қоғам өмірінен тысқары қалмайтын зағип жандардың жаратылысы бөлек. Тек түйсіктің сезімталдығы арқылы олар барлық іске икемділігін көрсете біледі. Олардың мейірімі, көзқарастары, ой-тұжырымдары, түйсіктері ерек. Осыны негізге ала отырып, «IT-services & Education» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қуаныш Қапанов әлеуметтік жоба ұсынған болатын. Аталған жоба аясында Қарасай ауданының орталығында орналасқан Қаскелең мәдениет колледжінде сегіз зағип жан «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша оқуға мүмкіндік алды.

To read more, you can visit the link. 

3. Жеке өмір мен жұмысты қатар алып жүру 

Халық арасындағы екі қоян туралы мәтел бекер айтылмаған. Жұмыс та, жеке өмір де – адам тұрмысында өзіндік маңызды рөлге ие. Жұмысымыз болмаса, қоғамдағы орнымызды таба алар ма едік? Ал отбасымыз болмаса ше, не үшін өмір сүріп жатқанымызды білмей сенделіп кетпейміз бе? Жұмыстағыларға үйде шұғыл жағдай болып жатыр деп сұранып, демалыста орындалмаған тапсырмаларды жасап үлгеру үшін үйдегілерге ақталу қажет. Алтын аралықты қалай табамыз? Таң атысымен жұмысқа келгенде бүгінгі атқарылуы тиіс істеріңіз көз алдыңызда көрініп тұрады. Әр істің басын бір шалмай, жүйе жасап, әрекеттерді ретімен орындаңыз. Артық істен құтылыңыз. Тайм-менеджментті, яғни уақытты өзіңізге тиімді жұмсауды игеріңіз.

To read more, you can visit the link.

4. Бірнеше жерде жұмыс істейтіндердің әлеуметтік төлемі жоғары бола ма?

Кім де болса көбірек табыс тапқысы келеді. Ал бір жерде ғана жұмыс істеп, көлемді жалақы алатын мүмкіндік бәрінде бола бермеуі мүмкін. Мұндайда қосымша жұмыс қарастыру деген нұсқа бар. Ресми түрде бірнеше жерде еңбек етуге бола ма? Ондай жағдайда әлеуметтік төлем көлемі қалай өзгереді? Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 196-бабы 1-тармағына сәйкес, қызметкердің бұрыннан еңбек қатынастарын жасасқан бір жұмыс берушімен де, бірнеше жұмыс берушімен де еңбек шартын жасасуға құқығы бар. Бірақ бұл жерде біреуі негізгі болады. Ал қалғандарымен толық емес жұмыс күні бойынша істейді.

To read more, you can visit the link.

5. БІЗДІҢ ҚОҒАМ ҚАНДАЙ МАМАНДАРҒА ЗӘРУ?

Зейнеткер Сағатхан Қарағойшиева: «Меніңше, ауылшаруашылығына мамандар аса қажет. Мал дәрігерлерін, агрономдарды көбірек даярлау керек» десе, құрылысшы Батырбек Сағынтай: «Елімізде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарға сұраныс жоғары. Әсіресе, сантехник, электрик, дәнекерлеуші, механик, ағаш ұстасы, слесарь, токарь мамандары тапшы. Мұның себебі мектеп бітірген оқушылардың көбі кәсіптік оқу орындарына барғылары келмейді. Жастардың тілімен айтқанда, бұл мамандық иелері заманауи емес.

To read more, you can visit the link.

 

definition

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book