156 Диалогтар (27-күн)

Құрғақшылық – әлемдік мәселе

Ерік: Сәлем, досым! Қайда асығып бара жатырсың? Қолыңдағы не?

Айбек: Сәлем, Ерік! Қала орталығына бара жатырмын. Мына постерлерді ілуім керек.

Ерік: Постер не туралы? Менің көмегім керек пе?

Айбек: Постерде батыс өңіріндегі құрғақшылық туралы жазылған. Ол жақта мал азығының болмауынан мал қырылып, адамдар қиналып жатыр. Соларға көмек беруіміз керек. Арнайы көмек қоры құрылды. Көмектесу жолдары туралы да ақпарат бар. Сен маған постерді ілуге көмектессең жақсы болады.

Ерік: Әрине, сенімен бірге барайын.

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book