92 Бос уақытыңызда орындаңыз

«Кешікпей келем деп ең» әнін жаттап алыңыз.


Аңсаған бақытым сияқтанып,

Ай туып келеді қияқтанып.

Жол жаққа қараймын,

Сен жоқсың, арайлым

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен.

 

Қайтемін кінәлап бұған сені,

Сағатың алдаған шығар сені.

Нұр ойнап көзіңде,

Уәделі кезіңде

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен.

 

Көшеде сырласып , шалқып басып,

Құрбылар барады қолтықтасып.

Тағатым таусылды,

Аңсадым даусыңды.

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен.

 

Сөзі:  М. Шаханов

Әуені: Ш.Қалдаяқов

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book