189 Диалогтар (33-күн)

Ою-өрнегіміздің мәні

Ержан: Мына сандық саған ұнап тұр ма? Осы жерде тұрғаныңа он минут болды.

Көркем: Иә, ерекше сандық екен. Оюларының да берілуі өзгеше.

Ержан: Мен оюлар туралы көп білмейді екенмін. Тек қана “қошқармүйіз” туралы естігенмін.

Көркем: Жануарлар, өсімдіктер, табиғи құбылыстарды бейнелейтін түрлі оюлар бар. Бұл оюларда қазақ халқының тарихы мен тұрмысы суреттеледі. Ал мына сандықта жануарлар бейнесі басымырақ екен. Мысалы, өзің білетін қошқармүйізбен қоса қосмүйіз бен қазмойын оюлары да қолданылған.

Ержан: Оюлар туралы көбірек білгім келеді.

Көркем: Менде қазақ оюлары туралы энциклопедия бар. Менен алып оқысаң болады.

Ержан: Жақсы. Бұл көрмеге келгеніміз пайдалы болды.

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book