81 Мәтіндер (14-күн)
1. АДАМ НЕГЕ ЖАЛҚАУ БОЛАДЫ?
Жалқаулық пен еріншектікті әлдебір істі жасағың келмеу деп емес, соны жасамауға деген құштарлық ретінде қарастыруға болады. Оның бірнеше себебі бар: 1) бейсаналы қарсылық: жалқаулық — адамның өзі қаламаған нәрсені істеп жатқанын сезуі. Сол себепті ол қарсыласып, жалқауланады; 2) кері ынталандырудың болмауы: жұмысыңды басқа біреу істеген кезде жалқауланасың, шаруаны басқа адам бітіретініне сенесің. Мұндай нәрсе үй тапсырмасын баласының орнына ата-анасы орындайтын кезде кездеседі. 3) жеке пайданың болмауы: іске қызыққан адам әдетте жалқауланбайды.
To read more, visit the link.
2. ПРОДУКТИВТІЛІК ПЕН ЭФФЕКТИВТІЛІКТІҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
Продуктивтілік аз уақытта көп жұмыс тындырудан көрініс табады. Ал эффективтілік әрекеттің қаншалықты сапалы болғанын аңғартады. Көбіне жұмыс берушілер қызметкерден продуктивтілікті талап етеді. Қызметкер тым продуктивті болуы мүмкін. Бірақ аз уақытта көп жұмыс тындырамын деп, күш-жігерін керексіз дүниеге сарп етсе ше?
Мысалы, аптасына 7 сюжет ұсынатын журналист пен аптасына 2 сюжет ұсынатын журналистің айырмашылығы бар. Неге? Себебі бірі санға, бірі сапаға жұмыс істейді. Бірақ, нәтиже екі түрлі. Тіпті болмаса, бірнеше тілді қатар үйренуге бел байлаған Дәулет пен бір тілді жақсылап үйренуге күш салған Саулеттің мысалын қарастыруға болады. Сәулет бірнеше тілді қатар үйренбесе де, Дәулетке қарағанда бір тілде еркін сөйлеп кету ықтималдығы жоғары.
To read more, visit the link.
3. ЖИЫРМА ЖАСЫНДА ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКЕН ҚАЗАҚТЫҢ БІРТУАР ПЕРЗЕНТТЕРІН БІЛЕСІЗ БЕ?
- Әл- Фараби – әлемнің екінші ұстазы жиырма жас кезінде Отырарды тастап, білім алу мақсатында Бағдатқа қоныс аударды.
- Шоқан Уәлихан – 19 жасында алғашқы «Тоқтамыс ханның жарлығы» атты ғылыми еңбегін жарыққа шығарып, бір жыл өткен соң әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді.
- Сұлтанмахмұт Торайғыр – өзінің жиырмасыншы көктемінде “Айқап” журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, мақалаларын осы журналда жариялайды.
- Міржақып Дулатұлы – 20 жасында Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысып, сол жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болған.
- Ыбырай Алтынсарин – 1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде, жиырма жастағы Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді.
- Мұхтар Омарханұлы Әуез – 20 жасында «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны Ойқұдықта сахнаға шығарады.
To read more, visit the link.
4. “УАҚЫТТЫ БАҒАЛАЙМЫН”. ГОЛОВКИН ҚОЛЫ ҚАЛТ ЕТСЕ НЕ ІСТЕЙТІНІН АЙТТЫ
GGG табысқа жету үшін адамға қандай қасиеттер керек екенін айтты.
“Бұл бизнес пен шоу-бизнес араласқан спорт түрі. Қандай қасиеттер дейсіздер ме? Әлбетте, бұл мақсаткерлік, еңбекқорлық және алдыға мақсат қойып, соған жете білу. Ұзақ уақыт чемпион болу үшін адамға әуелі жұдырықтай жұмыла білетін команда қажет”, – деді Головкин.
“Қазір күштілер мен батыл жандардың уақыты. Іске кірісіңдер! Шын мәнінде, қолдан келмейтін ешнәрсе жоқ. Мен Қарағандыдан шыққан қарапайым жігітпін. Белгілі бір жетістіктерге жеткендіктен, қолдан келмейтін ешнәрсе жоқ екенін жақсы түсінемін”, — деді боксшы.
To read more, visit the link.
мақсат қойғыштық, арманшылдық