58 Диалогтар: (7-күн)

Сәнқой ма, сәнқұмар ма?

Лаура: Қыздар, қайырымдылық қоры көрме ұйымдастырады. Кім өз қолымен бұйымдар, әшекейлер жасайды? Оларды қайырымдылық қорына береміз.

Алуа: Мен қолдан майшам жасаймын.

Эмилия: Мен киім тігейін.

Алуа: Иә, жақсы ұсыныс!

Лаура: Эмилия, сен киім тіге аласың ба?

Эмилия: Иә, әжем үйретті. Тігін шеберханасында жұмыс істедім.

Алуа: Сен тіккен киімдерді көруге бола ма? Суреттері бар ма?

Эмилия: Иә, мына белдемшені өзім тіктім. Бұл бұрын көйлек болған. Ұнады ма?

Лаура: Әрине, ұнады. Талғамың ерекше екен.

Алуа: Эмилия, сен әрі шебер, әрі сәнқой екенсің!Арамыздағы ең сәнқой сен сияқтысың!

Эмилия: Рақмет, қыздар!

***

Сан қырлы сән

Алуа: Меніңше, киімнің түсі көңіл-күйге, шешімдерімізге де әсер етеді.

Эмилия: Көк түсті киім кисем жұмысқа, оқуыма көбірек көңіл бөлетінімді байқадым.

Алуа: Психологтар былай дейді: ұйықтайтын бөлмеде қызыл түс болмау керек. Ол ұйқыға әсер етеді. Рас па екен?

Эмилия: Мен мұндай тұжырымдармен келіспеймін. Кейбір адамдарға қызыл түс қан түсін еске салады. Ал маған ауылдағы қызғалдақтар елестейді.

Алуа: Онда қызыл мата алайық.

Эмилия: Иә, алайық. Бүгін кешке киім тігуді бастаймыз.

***

Сатушы:  Қыздар, тігінмен айналысасыңдар ма?

Алуа:  Иә, апай. Қайырымдылық қоры көрме өткізіп жатыр. Киім тігіп сол көрмеге апарамыз. Жиналған ақшаны мұқтаж адамдарға жібереміз.

Сатушы: Мен де қатысқым келеді.

Алуа: Мен сізге телефон нөмірін берейін. Осы нөмірге қоңырау шалыңыз. Толығырақ ақпарат алуға болады.

Сатушы:  Рақмет! Осы матадан қанша метр керек?

Эмилия: Үш метр жетеді.

Сатушы: Мінеки, ала қойыңдар.

Эмилия: Рақмет, апай! Саудаңыз жүрсін!

Сатушы: Сендерге рақмет! Келіп тұрыңдар, қыздар!

 

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book