131 Мәтіндер (23-күн)

1. ГҮЛМИРА САРИНА: «ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН САҒЫНЫШ МЕНІ ОСЫНДАЙ АҚ ҚАНАТ ӘСЕМ ӘНДЕРГЕ ҒАШЫҚ ЕТТІ»…

– Өнер жолына түсуіме себеп болған нәрсе – туған жерімнің киесі, кіндік қаным тамған өлкемнің қасиеті, туып-өскен ортам. Алаштың ардақтылары Абай, Шәкәрім, Мұхтарлар дүниеге кел­ген өңірде туып өнерді сүймеу мүмкін бе? Мұнымен қоса, отба­сымдағы адамдардың бәрі солай. Анам халық әндерін тамылжыта шырқағанда, Илья Жақановша айтқанда, «әлсіз жүрекке ойда жоқта ып-ыстық қан толып, алпыс екі тамыр иіп сала беретін-ді». Әкемнің домбырамен салған әні тұла бойыңды сәулелендіріп, ұмсынған көңілдің тәтті аңсауы шуақты сезімге ұласатын. Өзімнің өнердегі ұстаз ағам Ербол Сариннің есімі бүгінде республика жұртшылығына етене таныс. Оқып жүргенде ауылға демалысқа келген сайын бір жаңа ән үйретіп кететін.

To read more, visit the link.

2. ЖЫРАҚТА ӨТКЕН ЖИЫРМА ЖЫЛ

Тәжікстан Республикасының азаматы Бобораджаб Джавлиев туған жеріне, отбасына оралмағанына жиырма жыл болыпты. Сонау 2000 жылы табыс табу үшін Ресейге барған сапарынан әлі орала алмай жүр. Бірде Мәсекеуде, енді бірде Тулада құрылыс жұмыстарымен айналысыпты. Ал былтыр көшеде жүрген оған атыраулық Леонтий Демяшев кездесіпті. Ол медицина саласында жұмыс істейтін туыстары арқылы мигранттың денсаулығын түзеуіне, Тәжікстандағы отбасын табуына көмектесті. Қазір мигранттың ағасы табылып, екеуі бір-бірімен телефон арқылы сөйлесіпті. Ал Душанбеде тұратын отбасы мен туыстары оны жиырма жылдан бері сарғая күтіп отыр.

To read more, visit the link.

3. ӘЛЕМДЕ ӘРБІР ЖЕТІНШІ АДАМ ТУҒАН ЖЕРІНЕ ТҰРАҚТАМАЙДЫ ЕКЕН. ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЛАЙ?

Қазақстан әлемдегі өз қандастарын қайтаруды қолға алған 3 елдің бірі. Әлеуметтанушы (социолог) Серік Жақсылықовтың мәліметінше, осы жылдарда ішкі көші-қон айналымы да 2,5 есе өскен. Оның айқын мысалы – Елордасы. Мұнда 1989 жылы тұрғындар саны 281 мың болса, қазір 1 млн 70 мың адам болып, 3,8 есе артты. Этникалық қазақтарды репатриациялау бағдарламасы шеңберінде өңірлік квоталар белгілеу, оңтүстік тұрғындарын солтүстік өңірлерге көшіруге бағытталған “Нұрлы көш” бағдарламасы, оңтүстік облыстардың ауыл жастарын солтүстіктегі оқу орындарына бағыттауға арналған “Серпін” мемлекеттік оқу гранты және т.б. бағдарламаларды атауға болады.

– Қала тұрғындарының 80 пайызға жуығы – байырғы тұрғындар емес, басқа өңірлерден көшіп келгендер, – дейді Серік Жақсылықов.

To read more, visit the link.

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book