63 Мәтіндер (8-күн)

1. ТӨРТ ТІЛДІ ЕРКІН МЕҢГЕРГЕН 8 ЖАСАР БАЛА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СҰХБАТ БЕРДІ

8 жасар Захар Палаткин төрт тілді еркін меңгерген. Бұл туралы “Хабар” арнасының “Ана мен бала” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. Ата-анасы тек қана орыс тілінде сөйлегенімен, Захардың өзі қазақ мектебіне барады. Әкесі Максим Палаткин ұлының тіл үйренуге деген әуестігін бала кезінде байқағанын айтады. Захар бүгінде қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін біледі. “5 жасымнан бастап тілді үйрене бастадым. Әкем маған репетитор жалдады. Маған қазақ тілі мен түрік тілі жеңілірек. Өйткені олар ұқсайды”, – дейді Захар.
“2 жасында шет тілдеріндегі әндерді қайталайтын. Содан тіл үйренуге деген қабілеті бар екенін түсіндім”, – дейді Захардың әкесі Максим Палаткин. Захар бос уақытында ата-анасына қазақ тілін үйретеді екен. “Маған барлық пәндер ұнайды. Әсіресе, математика, информатика, ағылшын, қазақ тілі, әдебиет, спорт, жүзу. Мен тағы неміс тілін білгім келеді. Ұшқыш болғым келеді”, – дейді Захар.

To read more, you can visit the link.

Төмендегі сұрақтардың дұрыс жауабын белгілеңіз.

2. «ҚАЗАҚТЫҢ САРЫ БАЛАСЫ»

Қазақ тілін туған тіліндей сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің бірі – Максим Рожин. Максимді білетіндер оны «қазақтың сары баласы» деп атап кеткен. Журналистика саласында біраз жылдар еңбек еткен Максимнің қазақшасы кейбір қазақтарды да шаң қаптырады. Телевизия саласында табанды қызмет атқарған Максимді кейбіреулер фоторепортер ретінде де таниды.

– Ауылда өстім. Көршілеріміздің бәрі қазақ отбасылары болды. Жалғыз орыс отбасы біз ғана болдық. Ал менің қазақ тілін еркін меңгеруіме араласқан ортам көмектесті. Мені ешкім қазақ тілін үйрен деп қинаған жоқ. Менің анам да, қарындасым да қазақ тілінде еркін сөйлейді.

To read more, you can visit the link.

Берілген мәтін бойынша төмендегі тұжырымдардың “дұрыс”, “бұрыс” немесе “мәтінде берілмегендігін” анықтаңыз.

3. ШЕТ ТІЛІН БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Шет тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі. Туған тілді жетік меңгеруді, қастерлей білуді мақсат етіп қою керек. Бірақ бір тілмен ғана шектеліп қоймай, жан-жақты болуға, тіл үйренуге талпыну керек. Ағылшын тілі – байланыс тілі. Жаһандық экономикадағы тіл десек, кем түспес едік. Ағылшын тілі заманымызда өте маңызды рөл алып отыр.

Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Мектеп табалдырығынан бастап жоғары оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Бәсекеге қабілетті мемлекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында шет тілін кәсіби деңгейде оқыту басты орында тұр. Яғни әрбір студент өз мамандығына байланысты шет тілін жетік меңгеріп, одан әрі қарай дамыта алады.

To read more, you can visit the link.

Берілген мәтін бойынша төмендегі тұжырымдардың “дұрыс”, “бұрыс” немесе “мәтінде берілмегендігін” анықтаңыз.

4. ПОЛИГЛОТ БОЛУ ОҢАЙ. ОНЫҢ ФОРМУЛАСЫ ҚАНДАЙ?

4-6 тілді білу немесе полиглот атану үшін даналықтың, болмаса ерекше генетикалық қабілеттің қажеті жоқ. Олай болса, шет тілін қалай меңгеруге болады? Шындығында, полиглот болу – табиғаттан даритын ерекше сый емес. Мұны тұлғалық даму зерттеулерін жүргізуші нейролингвистер мен физиолингвист мамандар адамның ерік-жігерінің жемісі деп біледі.

Лингвист, психолог пен нейробиологтар гиперглоттардың ми құрылымына қатысты қызықты ізденістер жүргізген. Олар жеке қызығушылық пен қажырлы еңбектің сәтті үйлескен нәтижесі деп тұжырымдайды. Массачусетс Технологиялық институтының (АҚШ) профессор-филологы Сюзанна Флинн адам миының жаңа тілдерді үйрену мүмкіндігі шексіздігін, мәселе тек уақыт тапшылығында екенін айтады. Гарвард университетінің (АҚШ) қызметкері, нейролингвист ғалым Стивен Пинкер де ұқсас тілдер бір-біріне кедергі жасамаса, теориялық тұрғыда бәрі мүмкін екенін меңзейді. Ұмытшақтықтың емі, жадты жетілдіру әдісі – тіл үйрену.

To read more, you can visit the link.

5. ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ ПОЛИГЛОТТАР

Танымал неміс археологы Генрих Шлиман жұмыстан бос уақытында шет тілдерін үйренумен айналысқан екен. Бұған сүйікті ісі ретінде қараған ол, өмірінің соңына дейін он бес тіл үйренген. Йохан Вандевалле – отыз бір тілді меңгерген белгиялық инженер-архитектор. 60 жасар полиглот, сонымен қатар, түрік тілін үйренудің жетілдірілген әдісін жасағаны үшін Анкара университеті атынан марапатталған. Орыстың ұлы ойшылы, жазушы Лев Толстой да гиперполиглот болған.

Осы орайда қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры, түркітанушы, педагог Құдайберген Жұбанов жөнінде айта кетпеске болмас. Мешітте араб тілін меңгергеннен кейін, орыс, парсы, моңғол, шуас, грузин, коми, латын, түрік, жапон, француз, ағылшын, неміс тілдерін үйреніп, жалпы – он төрт тілді білген. Алайда «халық жауы» ретінде танылып, 1938 жылы отыз тоғыз жасында атылған. Тек 1957 жылдың 3 қазанында есімі ақталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та полиглоттар қатарында. Президентіміз мемлекеттік тілден бөлек орыс, ағылшын, қытай, француз тілдерін жетік меңгерген.

To read more, you can visit the link.

Төменде берілген тұжырымдардың «дұрыс», «бұрыс» немесе «мәтінде берілмегендігін» анықтаңыз.

 

definition

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book