186 Тапсырмалар (32-күн)

Тапсырма 1 (Жазылым)

Өзіңіздің сүйікті әншіңіз немесе әншілер тобыңыз туралы жазыңыз. Оны немесе оларды сипаттаңыз. Сізге бұл әнші немесе әншілер тобы неге ұнайды? Оның немесе олардың концертіне барғыңыз келе ме? Мүмкіндік болса сүйікті әншіңіз немесе әншілер тобыңыздан не сұрар едіңіз? (100-110 сөз).

Тапсырма 2 (Айтылым)

Берілген тақырып бойынша бейнеролик түсіріңіз

“Егер сіз өзіңіз қалаған фильмде бола алсаңыз, қандай фильмді таңдар едіңіз және қандай кейіпкерді ойнар  едіңіз?” деген сұраққа жауап беріңіз (2 минут).

Жауап беру кезінде төмендегі сөздерді қолданыңыз:

Өнер түрі, өнермен айналысу, фильм түрлері, фильм жанры, кино өнері, кейіпкер, рөл атқару.

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book