75 Мәтіндер (10-күн)

1. ҚАЗАҚ ТІЛІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР

Қазақ тілі – түркі тілдері ішіндегі сөздік қоры ең үлкен тіл ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең таза тілдердің бірі. Сөздің қорының 60%-ын түркілік түбірлі сөздер құрайды. Қазақ тілі көптеген маманның пікірінше диалектісі жоқ тілдердің бірі саналады. Ал мұның алдында диалекті деп айтып жүрген құбылыс говорға немесе сөйленіске жақын үрдіс қана көрінеді.

Қазақ тілі – интернет кеңістігі контент көлемі бойынша 57 орында тұрған тіл. Қазақ тіліндегі контент мөлшері – 0,003%-ті құраған. Ал бірінші орында, әрине, ағылшын тілі, оның көлемі интернет кеңістігіндегі ақпараттың 55%-ын құрайды.

To read more, visit the link.

2. ПОЛИГЛОТ БОЛУ ОҢАЙ. ОНЫҢ ФОРМУЛАСЫ ҚАНДАЙ?

Полиглот – бірнеше тілді еркін меңгерген “қарапайым” адам. Гиперглот (шартты және салыстырмалы түрде жаңа термин) – 6, кейбір деректер бойынша 10 және одан да көп тілдерді жетік меңгерген адам.

Лингвист, психолог пен нейробиологтар гиперглоттардың ми құрылымына қатысты қызықты ізденістер жүргізген. Олар жеке қызығушылық пен қажырлы еңбектің сәтті үйлескен нәтижесі деп тұжырымдайды. Массачусетс Технологиялық институтының (АҚШ) профессор-филологы Сюзанна Флинн адам миының жаңа тілдерді үйрену мүмкіндігі шексіздігін, мәселе тек уақыт тапшылығында екенін айтады. Гарвард университетінің (АҚШ) қызметкері, нейролингвист ғалым Стивен Пинкер де ұқсас тілдер бір-біріне кедергі жасамаса, теориялық тұрғыда бәрі мүмкін екенін меңзейді. Ұмытшақтықтың емі, жадты жетілдіру әдісі – тіл үйрену.

To read more, visit the link.

3. ЕҢ КӨП ТАРАҒАН 10 ТІЛ

9. Малай тілі

Дүниежүзінде 159 млн адам осы тілде сөйлейді. Малай тілінде Малайзия және Индонезия елдерінің азаматтары сөйлеседі. Бұл тілде тілдесетін халықтардың арасында біршама диалект сөздер қалыптасқан. Сол себепті, көп жағдайда олар бірін-бірі түсінбей жатады. Оның ішінде ең танымалы – индонезиялық диалект. Олардың ата түпбі бір болып есептеледі. 13000 аралды қамтыған Индонезия жер көлемі жөнінен әлем бойынша  14-ші орынға ие.

8. Португал тілі

Дүниежүзінде 191 млн адам португал тілінде сөйлейді. Португалия бір кездері Испания елінің өктемдігінде болған. Испания мемлекеті Португалия халқының әл-ауқатын көтеріп, білімге жетелеген болатын. Соның арқасында португалдық оқымысты ғалымдар әлемде жоғары мәртебиеге ие болып, әр түрлі зеттеу жұмысымен айналысқан. Зертеулерінің басым көпшілігін Оңтүстік Америка құрлығында жүргізген. Қазіргі кезде португал тілі Бразилияның ресми тілі. Одан бөлек португал тілінде Макау, Ангола, Венесуэла және Мозамбик сияқты елдердің азаматтары сөйлейді. Астанасы – Лиссабон.

To read more, visit the link.

4. КИНО ҚАЗАҚША СӨЙЛЕМЕК…

Енді «Кинематография туралы» заңға өзгеріс енгізілмек. Бұдан былай түпнұсқаны міндетті түрде қазақ тілінде дубляждау талабы қойылады. Бұған дейін елімізде түсірілген фильм­дердің дені орыс тілінде дайын­далып, соңынан қазақшаға дубляж жасалатын. Өйткені кеңестік ке­зеңдегі талап сондай болды. Алайда бізді ойландыратын дүние – фильмдердің қазақ тіліне аударылуы мен дуб­ляждың сапасы. Рас, бұған дейін субтитрмен берілгенінің өзіне разы кейіп танытып келдік. Бірақ суб­титр дегеніміздің өзі – қазақ­тілді көрерменді алдарқату ғана болды. Оның үстіне, кинодағы суб­титр де сын көтермейді.

Тағы бір проблема – балалар көп көретін хостингтер тілі. Қазір бала біткен Youtube платформасында отыр. Ондағы миллиондаған видеоны қазақша аударып отыру мүмкін емес. Ол үшін қызықты шағын видеоларды қазақ тілінде түсіріп үйренуіміз қажет. «Қазақ тіліндегі фильм­дерге көрермен бармайды» деген пікір көп айтылады. «Ұсыныс жоқ» дейді. Бұл – дұрыс емес. Қазақша фильмге әрқашан сұраныс бар. «Баламды Youtube тәрбиелеп жатыр» дейтін ата-аналар көбейді. Ендеше «ел боламыз десек, экранымызды түзейік!» (Мәтін қысқартылып алынды)

To read more, visit the link.

5. ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙТІН ЖӘНЕ ТҮСІНЕТІН ТЕХНОЛОГИЯ

Цифрлық технологияны қолдану – жағдаяттарды талдауды, жүйелеуді жүзеге асырумен шектеліп қалмайды, сонымен қатар жергілікті биліктің, мемлекеттік ұйымдардың жедел жауаптасу мүмкіндіктерін арттырады, адам капиталының дамуына септігін тигізеді. Соның ішінде мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуде де цифрлық технологияны қолданудың маңызы зор. Цифрлық әлемде сөйлеуді тану жаңалық емес, оны дүние ғалымдары ондаған жылдар зерттеп, қолданысқа ұсынып келеді. Елімізде бүгіндері жүргізіліп жатқан қазақ тіліндегі сөйлеуді тану бойынша зерттеу жұмыстары да нәтижесіз емес. Ауқымы екі мың сағаттық әлдеқайда көлемді қазақша сөйлеу корпусы Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтында дүниеге келді.

Бұл жүйе бастапқы аудиофайлды машиналық оқу форматына айналдырады. Берілген сөйлеуді тану бағдарламасы PhoneGap фреймворк негізінде әзірленген, сөйтіп I0S және Android жүйелерінде жұмыс істей алады.

To read more, visit the link.

Төмендегі тұжырымдардың “дұрыс”, “бұрыс” немесе “мәтінде берілмегендігін” анықтаңыз.

 

definition

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book