100 Диалогтар: (17-күн)

Ата-анадан бөлек тұру

Ануар: Гауһар, ақылдасайықшы. Сенің пікірің мен үшін маңызды. Бүгін бір шешім қабылдадым. Ата-анамнан бөлек тұрамын деп шештім.

Гауһар: Кішкентай бауырларыңды сағынбайсың ба?

Ануар: Әрине, сағынамын! Бірақ олардың шуы мен айқайын сағынбаймын.

Гауһар: Түсінікті. Жалғыз өзің енді үйде не істейсің?

Ануар: Қалаған кезде шығармашылық жұмыспен айналыса аламын. Оған қоса, күнтәртібімді қалағанымдай реттеймін. Достарымды үйге шақыра аламын. Өзім жақсы көретін тағамдарды дайындаймын. Таңертең ерте тұрып, кешінде ерте ұйықтаймын.

Гауһар: Пәтерді жалға аласың ба? Жалғыз өзің тұрасың ба? Әлде қасыңа біреуді қосып аласың ба?

Ануар: Иә, интернеттен қарап бастадым. Пәтерді, әрине, жалға аламын. Бастапқыда өзім тұрып көрейін. Егер қиналсам, пәтерді бөлісемін.

 

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book