50 Мәтіндер (6-күн)

1. СӘН ӘЛЕМІНІҢ АЙМАНЫ МЕН ШОЛПАНЫ

Эстрада өкілдері, кино әлемінің жұлдыздары отандық дизайнерлердің талғамына жүгінеді. Әлемдік ірі сән байқаулары да қазақстандық модельерлердің қатысуымен өтеді.  Дегенмен, осы кәсіптің күрделілігіне қарамастан, сән мен сапаға ерекше ден қойып, жеке кәсібін ашқан апалы-сіңлілі Айман мен Шолпан отандық киім индустриясында өз орындарын еншілей алды. Жас болса да іскер, талантты қыздар қыз-келіншектерге экслюзивті классикалық киім үлгілерін ұсынады.

— Біріншіден, сапалы киім әрі эксклюзивті киім қашан да қымбат келеді. Қымбаттылығына түрлі факторлар әсер етеді. Жеңіл өнеркәсіп өнімдері толығымен шетелден алынады, сондықтан доллар бағамына тәуелді. Өндірісте Түркия, Корея, Қытай, Италия маталары қолданылады. Бұған тігіншінің қол еңбегі, салық, жұмыс орнын жалға алу қосылады. 

To read more, visit the link.

2. «БЕРІК ИСМАЙЫЛОВ» СӘН ҮЙІНІҢ СӘНГЕРІ – АЯУЛЫ ДӘМЕНОВАМЕН СҰХБАТ

Киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір түсінігі. Адамзат дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. Киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі. Қысқаша айтқанда, сән, мода әрдайым өзгеріс үстінде болғандықтан оны қуып жету мүмкін емес, сондықтан адам өзіне қонымды, жарасатын киім үлгісін таңдап сән ағымымен ұштастыра білсе, ешқашан ұтылмайды деп ойлаймын.

To read more, visit the link.

3. FASHION-ИНДУСТРИЯ НАРЫҒЫ ҚАЛАЙ ДАМУДА?

Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда 984 жеңіл өнеркәсіп жұмыс істейді. Оның басым бөлігі оңтүстік өңірлерде орналасқан тігін өндірістері мен тері цехтары. Ал кейінгі бес жылда қазақстандық дизайнерлердің саны 3,5 есеге артқан. Алғашқы ұлттық «Saukele» брендінің негізін салушы Сәуле Самидиннің айтуынша, ең әуелі дизайнерлер үшін кәсіби алаң болуы шарт.

– Екі жылдан бері ұлттық бренд «Saukele» жобасын қолға алғалы бері көптеген мәселе алдымнан шықты. Нарық аясының соғұрлым шектеулі болуы аяқтан шалатын бірден-бір мәселе. Екінші, тәжірибе көрсеткендей мемлекеттің кешенді қолдауынсыз отандық өнімдерді экспортқа шығарудың жекелеген қиындықтары еңсерілмей келеді. Тек соңғы жылдары ғана «Made in KZ» идеологиясы жұмыс істей бастады.

Экспорттық сатылымды арттыру үшін сатып алушының қалауына сәйкес өнім ұсына алу, сондай-ақ сауда агенттіктеріне дұрыс таныстыра білу үлкен рөл атқарады.

To read more, visit the link.

Төмендегі ақпараттың дұрыс не бұрыс екенін анықтаңыз.

4. СӘН ӘЛЕМІНІҢ ТАРИХЫНАН

«Сән­дік», «сәндену» деген ұғымдар сонау тас дәуірінде Еу­ро­пада пайда болған. Ер адамдар пілдердің, мүйіз­­тұмсықтардың, сусиырлардың тісі мен жүндерінен әртүрлі әшекей бұйымдар жасап, мойындарына тағып, терісін оң иыққа жамылып жүруді ең алғашқы сән түріне айналдырған. Ал біздің дәуірімізге дейінгі 2900 жыл бұрын ең алдымен – теріден, кейін матадан тігілген бел­дем­шелер пайда болып, Вавилонда шәлі тағып, жейде кию жиілей бастаған. Темір дәуірі жақындаған сайын сән әлемі дами түсіп, гректер белдік атаулыны ойлап тапқан. Біртіндеп плащ, халаттар тігіліп, еркектер – алтын ободок, ал әйелдер бастарына жеңіл тәж тағуды сәнге ай­нал­дырады.

Осылайша, сонау ХІV ғасыр, нақтырақ айтқанда 1350 жылдары, Франция мен Италияның су­рет­шілері «сәндік» іздеп, гильдиялар мен цехтар ашып, өмірге «сән әлемі» келген. Франция, Италия, Англия, Ис­па­ния, Америка сынды елдерде уақыт оздырмай, жыл­дам дамып отырған «мода» 1900 жылдары болашақ Кеңес үкіметінің қол астында болған елдерге де жетеді. Қазіргі атағы жер жаратын Поль Пуаре мен Кристиан Диор да сол 1903-1905 жылдары жарық көрген. Ал Коко Шанельдің «кіш­кентай қара көйлек» ұғымы 1926 жылы пайда болған. Әри­не, айта берсек, Бруно Банани, Викторияс Сикреттің дә­уірі басталғалы біраз болды.

To read more, visit the link.

5. ҚАЗАҚИ CӘН ҮЛГІСІНЕ ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗ?

Ұлттық нақыштағы киім іздей бастайтын Наурыз мерекесі қарсаңында «сіз ұлттық үлгідегі киімдер сатылымға көптеп шығарылса, киер ме едіңіз, әлде заманауи үлгіні тұтына берер ме едіңіз?» деп біраз адамға құлақ түрген едік.

Анар МУСИНА: Егер ұлтымыздың бет-бейнесін көрсететін ою-өрнекті әдемі қиюластырған қазақша брендтегі тамаша киім үлгілерін жасаса, еш ойланбастан киер едім. Сапалы дүние жасау арқылы Қазақстан ғана емес, әлем елдері алдында өзін мойындататын тамаша киім үлгілерін біз де басқа ұлттың киім кию сәніне дендеп енгізе аламыз. Балдырған САРКЕН: Киімді ұлттық брендке айналдыру қажет емес. Қазақты әлемге танытатын бай мұралары жеткілікті. Мысалы, қымызды, киіз үйді алайық. Тіпті, қымызға шетелдіктер қызығушылық танытып, өз елдерінде бизнес көзіне айналдырып үлгерген. Киімге ұлттық элементтерді енгізу керек дегенге келісе алмаймын.

To read more, visit the link.

 

definition

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book