77 Диалогтар: (10-күн)

Тіл және мәдениет

Тоғжан: Кешіріңіз, сұрауға бола ма?

Карина: Иә, сұрай беріңіз.

Тоғжан: Полиглоттармен кездесу әлі болып жатыр ма?

Карина: Жоқ, кездесу ертең болады. Осы уақытта, яғни сағат бесте.

Тоғжан: Ааа, рақмет! Мен апта күндерін шатастырыппын. Сіз осында жұмыс істейсіз бе?

Карина: Иә, кітапханашы болып жұмыс істеймін.

Тоғжан: Осындай кездесулер кітапханада жиі өте ме?

Карина: Иә, апта сайын өтеді. Бір апта бұрын жас жазушылармен семинар өтті.

Тоғжан: ааа, енді білетін болдым. Бұл туралы ақпаратты қайдан табамын?

Карина: Кітапхананың мәдени бағдарламасы сайтта үш тілде көрсетілген.

Тоғжан: Келесі кездесудің тақырыбы не?

Карина: Көп тіл білудің пайдасы. Келіңіз, күтеміз.

Тоғжан: Рақмет, сау болыңыз.

***

Еңбек етуге тұрарлық

Карина: Тоғжан, кездесу қалай өтті?

Тоғжан: Маған ұнады. Полиглоттар өз тәжірибелерімен бөлісті. Ұқсас тілдерді үйрену оңай екен.

Карина: Иә, дұрыс айтасың. Мысалы, түрік тілін білсең, әзербайжан тілін де тез үйренесің. Немесе қазақ тілін білетіндерге қырғыз, ноғай, татар тілдерін үйрену оңай.

Тоғжан: Менің анашым түрік сериалдарын көреді. Біраз түрікше үйреніп алды. Былтыр Түркияға барғанда түрікше сөйлесті.

Карина: Менің татар досым бар. Екеуіміз татарша ән тыңдаймыз. Маған сөздері түсінікті.

Тоғжан: Тілдерді үйрену үшін ғаламтордан көп материал табуға болады. Фильмдер, сабақтар, аудио тыңдалымдар, семинарлар, мақалалар, ойындар деген сияқты.

Карина: Білемін, әлеуметтік желілер де пайдалы. Мысалы, мен инстаграмда тіл марафонына қатыстым. 30 күн түрікше сөйлесіп жаттықтық. Қазір менің түрікшем орта деңгейде.

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book