78 Сөздікқор: (10-күн)

 

Сөздікқор

  • Жамылғы – жапқыш, сыртқы қабық
  • Жуықтатылу – жақындатылу
  • Көзге жағымды – көзге әдемі көрінетін
  • Жетілдіру – дамыту, ілгерілету
  • Тәуелді – біреуге, бір нәрсеге бағынышты, байланысты
  • Ағым – ағыс, таpам, қозғалыс
  • Талап – біреуден бір нәрсені талап етушілік; қалау, тілек
  • Сана – адам психикасының ең жоғарғы сатысы
  • Өзекті – ең басты, негізгі, маңызды
  • Озық – алдыңғы қатарлы, артық, үздік, озат
  • Қорған – арқа тұтар тірек, таяныш, пана
  • Тұлға – қоғамда өз орнын білетін адам немесе жеке тұлға, қоғамға пайдасын тигізетін адам
  • Тексіз – тегі белгісіз, тәлім-тәрбиесі нашар
  • Қадағалау – белгілі бір істің орындалу барысын бақылау, тексеру
  • Сұхбат – сөйлесу, сырласу, әңгіме-кеңес құру; ғылым, мәдениет, әдебиет т.б. қайраткерлерімен кездесіп өткізілетін әңгіме, пікір алысу
  • Сауалнама – алдын ала құрастырылған сұрақтар жүйесіне жауап алуға арналған сұрақ қағазы; анкета
  • Тамаша –  таңқаларлық, керемет
  • Жүйелеу – жүйеге түсіру, реттеу
  • Ауқым – көлем
  • Әлеует – күш, қуат
  • Өркен жаю – өсу, даму

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book