154 Мәтіндер (27-күн)

1. ҚАЗАҚ АУА РАЙЫН ҚАЛАЙ БОЛЖАҒАН?

Қазақ халқы ерте заманнан-ақ табиғатқа етене жақын өскендіктен ауа райын сол табиғат құбылыстары мен жан-жануарлардың тыныс-тіршілігіне қарап болжағаны белгілі. Олар ерте кезден ауа райын алдын ала бақылап, мал-жанды түрлі апаттардан аман сақтау үшін ерте қамданып отырған. Академик-ғалым Ақселеу Сейдімбек «Қазақ әлемі» ғылыми-зерттеу еңбегінде осы ауа райы болжамдарын да жазып кеткен. Ендеше, назарларыңызға ата-бабаларымыздың ауа райы жайындағы жорамалдары мен ырымдарын ұсынып көрмекпіз.

***

Жаңбыр жауып тұрғанда ала тышқан шақырса, кешікпей жауын басылады.

Шегіртке шырылын тоқтатса, жауын болады.

Аю апанын биікке салса, көктем ерте шығып, су тасқыны болады

Қоянның бүйрегі майлы болса, қыс аязды болады.

Ай шалқалап туса, ауа райы мал-жанға жайсыз болады.

To read more, you can visit the link.

 

2. АУА РАЙЫНЫҢ КӨҢІЛ-КҮЙГЕ ƏСЕРІ

Кейбір адамдардың көңіл-күйі ауа райының қандай болуына тікелей әсер етіп отырады.  Мәселен, құбылмалы болып тұрған бұлтты күні адамның мазасы болмай жатады. Тіпті, жаңбырлы болған күндер күйзеліске батыратын сияқты. Үй жағдайында көрпеге оранып, теледидар қарап қана демалғысы келеді. Немесе күншуақ күні қуанышты, жайдарлы, бір орында отырғысы келмейтін адамдар да бар. Олар ол күні үйінде отыра алмай, серуендеуге асық болып тұрады. Расымен де адамның көңіл-күйіне ауа-райының әсері қаншалықты?

Ауа райы мен көңіл күйді байланыстыру бұрынғы кездерден келе жатқан құбылыс екен. Ежелгі зерттеулерге қарасақ, шынымен сол кездері адамдар ауа-райына қарай әрекет етіп отырған. Осы тақырып бойынша америкалық  профессорлар 80-ші жылдардың басынан бері көңіл-күйдің ауа райына тәуелділігін жиырма зерттеу нәтижесі бойынша талдаған екен. Алайда  психологтардың зерттеулері бұл интуитивті тұжырымдаманы жоққа шығарған. Демек ауа райы мен көңіл-күй ешқандай байланысты емес. Ал кейбір зерттеулерге қарасақ, егер адам сезімтал болса, оның көңіл-күйі ауа райына тікелей әсер етеді екен.

To read more, you can visit the link.

3. «КЛИМАТ» ДЕГЕН СӨЗДІҢ МӘНІ ҚАНДАЙ?

Сірә, «климат» сөзі құлаққа ұқсас естілетін «клинейн» және «клима» деген грек сөздерінің бірінен немесе тіпті екеуінен де шыққан болуы мүмкін. Бұл сөздер біздің тілімізде «қиғаштау» және «аудан» немесе «аймақ» дейтін мағынаны білдіреді. Кейбір ғалымдардың пікірінше, көне гректер климатты белгілі бір жердің ендігіне, яғни сол жерді жылытатын күн сәулесінің түсу қиғаштығына байланысты болады деп түсінген, содан осы термин қалыптасқан сияқты, тағы бір ғалымдардың пайымдауын­ша, гректер климат жағдайының тек белгілі бір жерге, яғни ауданға немесе аймаққа ғана тән болатынын білген болуы керек. Ал қазіргі ғалымдар климатты комплексті ұғым ретінде, күллі мұхит – атмосфера системасының бірнеше ондаған жылдар бойғы бүтіндей бір жиынтығы деп қарастырады. Климат дегеніміз – белгілі бір ауданның физикалық-географиялық сипаттамаларының бірі, сондықтан ол, ең алдымен, сол ауданның географиялық орнына, яғни ендігіне, құрлық пен теңіздің орналасуына, құрлықтың сипатына орай айқындалады. Кез келген аудандағы климаттың қалыптасуына оның теңіз деңгейінен қаншалықты биікте жатқандығы, ал теңіз жағалауы мен аралдағы елдердің климатына мұхиттың ағысы зор ықпал етеді.

To read more, you can visit the link.

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book