149 Мәтіндер (26-күн)
1. САНАЛЫ ƏРЕКЕТКЕ БАСТАЙТЫН АЛТЫ ҚАДАМ
Үлестіріңіз. Күртеңіз қысқарып, джинсы шалбарыңыз сізге тар болып қалды делік. Қоқысқа тастамас бұрын бұл заттарды кімге беруге болатынын ойланып көріңіз. Айналаңыздағы қоқыс мөлшерін көбейтуге үлес қосқанша, өзгелерді киім немесе өзіңізге қажетсіз заттармен қуантып, экологияға келетін зиян мөлшерін азайтыңыз. Жалға алыңыз. Егер жылына бір-ақ мəрте шаңғы тебуге баратын болсаңыз, шаңғыны сатып алу қаншалықты тиімді? Кейде бір затты «керек» деп сатып алып, артынша қажет еместігін түсініп, қоқысқа тастап жатамыз. Бұл дұрыс емес.
To read more, visit the link.
2. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МƏДЕНИЕТТІ ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСТЫРАМЫЗ?
Қазақстанда 47 млрд тонна қалдық бары анықталған. Оның 300 млн тоннасы радиоактивті, яғни адам өміріне аса қауіпті. 9 млрд тонна улы қалдықты тағы қосыңыз. Қарапайым жануарлар қиының өзі 122 млн тоннадан асады. Жыл сайын ел аумағында қоқыс 1 млрд тоннаға көбейіп жатыр. Одан бөлек далалық жерге төгілген 6,2 млн тонна мұнай қалдығы бар.
To read more, visit the link.
3. ТУҒАН ЖЕРДІ АЯЛАУ – ЖЕР ШАРЫН АЯЛАУ
Әрбір адамға экологиялық сауаттылық қажет. Экология мәселесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Себебі адамзат болашағы қоршаған ортамен тығыз байланысты. Пластикалық заттардан бастап, мініп жүрген көлік түтінінің өзі экологтардың бас ауруына айналып отыр. Бұған қала сыртында тау-тау болып үйіліп жатқан қоқыс алаңқайлары мен зауыттардан шығып жатқан өндіріс қалдықтарын, зиянды газдарды қосыңыз. Жаһандық жылыну, жер бетіндегі тұщы су көлемінің азаюы, орман алқаптарының жойылуы, өзендердің тартылуы секілді факторлардың барлығына да осы себептер әсер етуде. Қоғамдық сананы қалыптастыруға ұзақ уақыт керек. Жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарасын қалыптастыру, экологиялық білімді, азамат ретінде тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесінің бірі.
To read more, visit the link.