179 Диалогтар (31-күн)
Көнені жаңғырту
Сезім: Біздің үйдің қасында жаңа қазақ драма театры ашылды. Сенбі күні “Айман-Шолпан” қойылымы болады екен. Барамыз ба?
Айнұр: Барайық. Театрға бармағалы көп болды.
Сезім: Билетті онлайн сатып аламыз. Қойылым туралы ақпаратты да сол жерден алуға болады.
Айнұр: “Айман-Шолпан” шығармасы қазақ халқының лиро-эпостық жыры. Онда қазақ халқының салт-дәстүрлері және қоғамдағы теңсіздіктер туралы баяндалады. Осы мәселелердің қалай сахналанғанын көреміз.
Сезім: Бұл қойылым театрдың жаңа ғимаратында болатын шығар.
Айнұр: Иә, сол жерде болады. Бұл ғимараттың сахнасы кең, көрермендерге де, әртістерге де барлық жағдай жасалған. Театрдың іші мен сырты заманауи ұлттық нақыштармен безендірілген.
Сезім: Қойылым көңілімізден шығып, жақсы демаламыз деп ойлаймын.