113 Тапсырмалар: (19-күн)
Тапсырма 1 (Жазылым)
Сіз тұратын өңірде жемістің және көкөністердің қай түрі көп кездеседі? Күнделікті тағамдарыңызда олардың қайсысын пайдаланатындығыңыз туралы шағын әңгіме құрастырыңыз (90-100 сөз).
Жазба жұмысында төмендегі сөздерді қолданыңыз:
Өңір, туған жер, көкөністер, жемістер, денсаулық, ұлттық тағамдар, құнарлы тамақтану, денсаулық кепілі, тағам.
Тапсырма 2 (Айтылым)
Дүкенге барып азық-түлік сатып алғанда олардың құрамында қандай дәрумендерге назар аударасыз? Азық-түліктердің құрамы туралы видео немесе аудио жазба дайындаңыз (2 минут).