21 Диалогтар: (4-күн)

Спорт – денсаулық кепілі


Андрей: Сәлем, Мақсат! Ертең менімен бірге йогаға барғың келе ме?

Мақсат:  Иә, бірақ мен ешқашан йогамен айналысқан жоқпын.

Андрей:  Мен де. Тек қана интернет арқылы асаналарды жасап жүрмін.

Мақсат:  «Асана» деген не, Андрей?

Андрей: Меніңше, асана – бұл йога жаттығуы.

Мақсат: Бірақ йогамен қыздар ғана айналысады.

Андрей:  Жоқ, бұл қате пікір. Біз бұл стереотипті бұзайық.

Андрей: Йогамен айналысатын ер адамдар аз емес. Менің бір туысым бар, оның аты – Ерлан, жасы отыз беcте. Осыдан төрт-бес жыл бұрын йогаға, пилатеске қызыға бастады. Қазір жаттықтырушы болып жұмыс істеп жүр.

Мақсат: Қандай керемет!

Андрей: Ертең йога дәрісі далада өтеді, таза ауамен демалып қайтамыз.

Мақсат: Йога үшін арнайы киім қажет пе?

Андрей:  Жоқ. Ыңғайлы киім болса жетеді.

Мақсат: Онда ертең таңертең сағат жетіде кездескенше!

Мақсат:  Жақсы, көріскенше!

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book