25 Мәтіндер (5-күн)
1. ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ФИТНЕСТІҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ
Фитнес дегеніміз – адам денесін сымбатты қалпында сақтауға мүмкіндік беретін физикалық белсенділіктің бір түрі. Фитнес жаттығулар – адам иммунитетін нығайтып, жүрек-тамыр жүйесі ауруларын, қант диабетін алдын-алуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, ол қалпына келтіру процестерін белсендендіріп, ағзаның қартаюын баяулатады. Фитнеске жаңадан келгендер ағзасына шамадан тыс жүктеме түсірмеу керек. Олар кем дегенде алғашқы екі айда жаттықтырушымен жаттығу жасау керек. Себебі, жаттықтырушы оларды жарақат алмау үшін бағыт-бағдарлар көрсетеді. Адамдар фитнес залға денсаулығын құрту үшін емес, күту үшін келеді ғой.
To read more, you can visit the link.
2. КӘСІБІ – КИБЕРСПОРТШЫ. КОМПЬЮТЕР ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ ҚАЛАЙ АҚША ТАБУҒА БОЛАДЫ?
Компьютер ойыны индустриясындағы компаниялар өткен жылы $128,5 миллиард табысқа жетті. Одан бір жыл бұрын олардың табысы $108,9 миллиард болған. Бұл компьютер ойындарының танымалдығы күн сайын артып жатқанын, ал соңғы 10 жылда оның алып индустрияға айналып үлгергенін білдіреді. Киберспорт нарығында тек ойын құрастырушылар емес, кәсіби киберспортшылар мен стримерлер де айтарлықтай табысқа жетіп отыр. Олардың қатарында қазақстандықтар да бар.
2018 жылдың 25 маусымынан бастап киберспорт Қазақстанда ресми спорт түрі деп танылды. Бұған, әрине, киберспорт сүйер жастар мен осы индустрияға бейжай қарамайтын азаматтар демеу болды.
To read more, you can visit the link.
3. ЖАЯУ ЖҮРУ – МЫҢ БІР ДЕРТКЕ ДАУА
Соңғы жылдары адамдар аз қозғалатын болды. Ал аз қимылдау дертке шалдықтыратыны дәлелденген. Ресми дерек бойынша әлемде аз қозғалудың салдарынан зардап шегетіндер саны жылдан-жылға артқан. Сонымен қатар адамдардың арасында қозғалыссыз жұмыс істеу дағдысының көбеюі түрлі дерттің өршуіне әкелетіні сөзсіз. Жаяу жүру тек қана адам өмірін ұзарту мен жүрек ауруын азайтатын қасиетінен бөлек адамның ағзасына көптеген пайдасын тигізеді. Атап айтқанда, қант диабеті, депрессия, ішектің қатерлі ісігі, семіздік, буын аурулары, ақыл-есі кем болу секілді аурудың жолын кеседі. Қазір әлемде ғана емес елімізде де осы ауруға шалдыққандар саны артып келеді. Әсіресе, балалар арасында семіздіктің көбеюі дабыл қағарлық жағдай.
To read more, you can visit the link.
4. «ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ – ӨМІРІМНІҢ БІР БӨЛШЕГІ»
Ұлттық спорт ойыны түрлерінің бірі – тоғызқұмалақ. Зерттеушілер оның төрт мың жылдық тарихы бар, өте пайдалы зияткерлік ойын дейді. Жыл сайын әлем және құрлық чемпионаттары өтіп тұрады. Жеңімпаздарымыз да баршылық. Соның бірі – әлемнің 8, еліміздің 13 дүркін чемпионы Әсел Далиева.
– Тоғызқұмалақ ойынына алғаш анам алып келді. Мен ол кезде 9 жаста едім. Оған дейін ол кісі менің тоғызқұмалаққа қызығушылығымды байқап, ойын тақтасын сатып алып берген болатын. Тіпті, ойынның ережелерін де өзі үйретті. Жалпы, мен жарыс біткен соң таңдаулы ойындардың көшірмесін күнделігіме жазып алып, үйге келіп оны иі қанғанша зерттеймін. Сосын келесі жарысқа сол ойындағы күрделі партиялардың құрылуына қарай дайындық жұмыстарын жасаймын. Негізі отырып ойнайтын, қозғалысы жоқ спорт түрлері қажырлылықты ерекше қажет етеді.
To read more, you can visit the link.
Төмендегі тұжырымдардың “дұрыс”, “бұрыс” немесе “мәтінде берілмегендігін” анықтаңыз.