77 Диалогтар: (13-күн)

Бір кітап өмір өзгерте алады

Ерболат Қадірұлы: Ал, құрметті студенттер, сабағымызды жалғастырайық. Бүгінгі тақырыпқа көшпес бұрын, сіздерге бір сұрағым бар. Өміріңізді өзгерткен кітап бар ма? Бар болса, ол кітаптың аты қандай? Ол кітап өміріңізді қалай өзгертті?

Лаура: Ерболат Қадірұлы, бір жазушы бар… Өмірімді өзгертпеді, бірақ ой-өрісімді өзгертті.

Ерболат Қадірұлы: Лаура, құлағым сенде. Айта ғой.

Лаура: Ювал Ноаһ Хараридің кітаптары қазақшаға аударылған екен. Мен олардың барлығын оқыдым. Бұл кітаптар адам табиғатына, адамзат тарихына деген көзқарасымды өзгертті.

Жамилә: Лаура, Хараридің кітаптары қазақшаға аударылғаны шын ба?

Ерболат Қадірұлы: Керемет! Хараридің кітаптарын тағы кім оқыды?

Жамилә: Бұл жазушы жайлы бірінші рет естіп тұрмын. Ағай, ал сіз оның кітаптарын оқыдыңыз ба?

Ерболат Қадірұлы: Жақсы сұрақ қойдың, Жамилә. Әлі оқымадым. Егер сіздер Харариді талқылағыңыз келсе, оқимын.

Жамилә: Кітаптарды қай жерден оқи аламыз?

Лаура:  kitap.kz-тен таба аласыздар.

Ерболат Қадірұлы: Бұл сұрақты неге қойдым? Себебі сабақтан тыс кітап оқуыңыз керек. Ендеше, тапсырманы жазып алыңыздар. Келешекте қай кітаптарды оқығыңыз  келеді? Олардың тізімін жасаңыздар.

***

Кітап және қоршаған орта

Ануар: Лаура, тоқтай тұршы. Харари кітаптарының сілтемесін маған жібере аласың ба? Маған оның кітаптары қызық боп тұр.

Лаура: Қазір кітапханаға бірге барайық.

Ануар: Кітапханаға барсақ, келесі сабаққа үлгереміз бе?

Лаура: Иә, үлгереміз. Айтпақшы, Ануар, электронды кітап ұнай ма, баспа кітап ұнай ма?

Ануар: Баспа кітап ұнайды.

Лаура: Ал маған электронды кітаптар ұнайды. Смартфоннан оқыған ыңғайлы.

***

Бар зейінім кітапта

Ануар:  Лаура! Сәлем, Лаура!

(Үнсіздік)

Ануар:  Лаура, естімедің бе?

Лаура:  О, сәлем! Құлаққап тағып, естімей қалдым. Қалайсың?

Ануар:  Жақсы, жаман емес. Өзің қалайсың?

Лаура:   Бәрі керемет! Сұрағаныңа рақмет!

Ануар:  Не тыңдап жатырсың?

Лаура:   Аудиокітап тыңдап жатырмын.

Ануар:  Кеше электронды кітаптардың пайдасы мен зиянын талқыладық. Ал бүгін аудиокітаптардың пайдасы мен зиянын талқылайық.

Лаура:   Аудиокітаптар уақытты үнемдейді.

Ануар: Бірақ аудиокітапқа назар аудару қиын. Қайтадан бірнеше рет тыңдаймын.

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book