165 Мәтіндер (29-күн)
1. ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН ЖАНУАР
2000 жылдардан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі мен табиғат жанашырлары сирек жəне құрып бара жатқан жануарлар түрлерін басты назарға алып, қырағылықпен қорғау мақсатында кешенді іс-шаралар атқарды. Нəтижесі жаман емес. Қазақстанда қарақұйрықтың саны 2005 жылы 12150 бас болса, 2009 жылы 17000 басқа дейін өсті. Қызылорда облыстық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы да «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарды қорғауда барынша аянбай тер төгіп келеді. Қарақұйрық жануары Қазақстанның оңтүстік аймағын мекендейді. Шынында, бұл – өзі ерекше сұлу жаратылған аң. Түсі қара қоңыр болғандықтан шығар, қазақ оны қарақұйрық деп атап кеткен. Көбіне құмдағы шөлді жəне шөлейтті аймаққа бейімделген, өзіне қауіп төнгенде өте шапшаң. Шамамен сағатына 65-70 шақырым жылдамдықпен жортады.
To read more, you can visit the link.
2. ЕРТІС ӨҢІРІНДЕ ЕРЕКШЕ ФОТОЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
Шығармашылық шара жеткіншектерді үй жануарларына қамқор болуды үйретеді. Мерекеге орай бірнеше фотосессия тегін ұйымдастырылды. Түсірілім алаңының басты кейіпкерлері – хаски тұқымдас иттер. Фотожобаның сəні мен мəні ерекше. Суреттер балалар мен ата-аналар үшін естелікке айналумен қатар, жеткіншектерді жануарларға қамқорлықпен қарауға тəрбиелейді.
To read more, you can visit the link.
3. ҚАР БАРЫСЫ ҚОЛҒА ҮЙРЕТІЛЕДІ. ЖОҒАЛУ ҚАУПІ БАР ЖЫРТҚЫШТЫ САҚТАУ ҮШІН ТАҒЫ ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ?
Қар барысы – саны жылдан-жылға азайып бара жатқан мысық тұқымдас бірегей жыртқыш. Табиғатынан аса сақ жануар. Бұл жыртқыш қазақ үшін тотемдік ұғымға ие. Жыртқыш Орталық Азияның таулы қыраттарында көп кездеседі. Оның денесі тығыршықтай, шымыр, табандары күректей емес, қысқа, тұрқы биік, ал құйрығы ұзын болып келеді. Құйрығымен қоса алғанда ұзындығы 230-240 см шамасында, ал салмағы 60 келіге жуықтайды. Адам аяғы баса бермейтін қолайсыз жерлерді мекен ететіндіктен, сирек кездеседі. Сол себепті, көп зерттеле қоймаған. Ресми дерек бойынша, Қазақстандағы қар барысының ең көп популяциясы Алматы қорығы, Іле Алатауы ұлттық бағы, Жоңғар Алатауында.
To read more, you can visit the link.