139 Диалогтар (24-күн)
Көктемде ауа райы тұрақсыз болады
Данаби: Ертең күн суытады. Қалың киімдерімізді дайындау керек.
Дариға: Оны қайдан білдің?
Данаби: Маған смс келді. Қазгидромет ұйымы жіберді.
Дариға: Онда не жазыпты?
Данаби: Ертеңнен бастап жел және аязды күндер басталады. Сақ болу керек.
Дариға: Онда біз табиғат аясына шыға алмайды екенбіз.
Данаби: Бірақ келесі аптадан бастап күн қайта жылына бастайды. Шамамен 10 градус жылы болады.
Дариға: Көктем мезгілінде ауа райы тұрақсыз болады. Құбылмалы ауа райы көп болады. Сен үнемі ауа райы болжамын қарап жүр.