144 Диалогтар (25-күн)
#1
Ернұр: Кеш жарық, Жазира. Сен қандай фильмді ұнатасың?
Жазира: Маған Отандық кинолар қатты ұнайды. Саған ше?
Ернұр: Мен шетелдік фильмдерді көргенді ұнатамын.
Жазира: Бірге киноға барсақ қалай қарайсың?
Ернұр: Жақсы идея. Қандай фильмге барғың келеді?
Жазира: Қазір «Опенгеймер» фильмі жылдың ең таңдаулы туындысына айналды.
Ернұр: Бұл фильмге қай күні барғың келеді?
Жазира: Бүгін бос емеспін, келесі аптаның сенбі күні түстен кейін барайық.