86 Тапсырмалар: (14-күн)
Тапсырма 1 (Жазылым)
“Бойыңызда еңбекқорлық қасиет бар ма? Еңбекқор болу қаншалықты маңызды деп ойлайсыз” деген сұрақтарға жауап беріңіз (90-100 сөз).
Жауап беру кезінде төмендегі сөздер мен сөйлемдерді қолданыңыз:
Еңбекқор, еңбек ету, қасиет, ынталандыру, ниет, табыс, мақсаткерлік.
Бойымда еңбекқорлық қасиеті …
Мен үшін еңбекқор болу …
Менің ойымша, табысқа жету үшін …
Менің ойымша, еңбекқор адам …
Тапсырма 2 (Айтылым)
Досыңызбен пікірталас жасаңыз. Біреуіңіз ата-аналар өз балалары үшін көп еңбектенуі керек деген ұстанымды қорғайды. Екіншіңіз ата-аналар көп жұмыс істемей, балаларымен көбірек уақыт өткізуі керек деген ұстанымды қорғауы керек (2 минут).