53 Диалогтар: (9-күн)

Шет тілін білу – заман талабы

Ғани: Қазір ағылшын тілін білетін адамдар көп. Біз оған таңқалмаймыз.

Ақжан:  Иә, дұрыс айтасың. Менің достарым бірнеше шет тілін біледі. Қазір бұл қалыпты жағдай.

Ғани: Өзің қанша тіл білесің? Мысалы, мен бес тіл білемін. Мен бұл тілдердің екеуін өздігімнен үйрендім.

Ақжан: О, тамаша! Мен әзірше үш тіл білемін. Тағы испан тілі мен қытай тілін үйренгім келеді. Университетте тіл сабақтарына қатысамын.

Ғани: Ааа, солай ма?

Ақжан: Қазір біздің университетте бірнеше шет тілі сабақтары бар. Университеттің сайтынан қарауға болады. Бұл курстармен кредит санын толтыруға болады. Университетті бітіру талаптарына сәйкес.

 

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book