40 Диалогтар: (7-күн)
Сәнқой ма, сәнқұмар ма?
Лаура: Қыздар, қайырымдылық қоры көрме ұйымдастырады. Кім өз қолымен бұйымдар, әшекейлер жасайды? Оларды қайырымдылық қорына береміз.
Алуа: Мен қолдан майшам жасаймын.
Эмилия: Мен киім тігейін.
Алуа: Иә, жақсы ұсыныс!
Лаура: Эмилия, сен киім тіге аласың ба?
Эмилия: Иә, әжем үйретті. Тігін шеберханасында жұмыс істедім.
Алуа: Сен тіккен киімдерді көруге бола ма? Суреттері бар ма?
Эмилия: Иә, мына белдемшені өзім тіктім. Бұл бұрын көйлек болған. Ұнады ма?
Лаура: Әрине, ұнады. Талғамың ерекше екен.
Алуа: Эмилия, сен әрі шебер, әрі сәнқой екенсің!Арамыздағы ең сәнқой сен сияқтысың!
Эмилия: Рақмет, қыздар!
***
Сан қырлы сән
Алуа: Меніңше, киімнің түсі көңіл-күйге, шешімдерімізге де әсер етеді.
Эмилия: Көк түсті киім кисем жұмысқа, оқуыма көбірек көңіл бөлетінімді байқадым.
Алуа: Психологтар былай дейді: ұйықтайтын бөлмеде қызыл түс болмау керек. Ол ұйқыға әсер етеді. Рас па екен?
Эмилия: Мен мұндай тұжырымдармен келіспеймін. Кейбір адамдарға қызыл түс қан түсін еске салады. Ал маған ауылдағы қызғалдақтар елестейді.
Алуа: Онда қызыл мата алайық.
Эмилия: Иә, алайық. Бүгін кешке киім тігуді бастаймыз.
***
Сатушы: Қыздар, тігінмен айналысасыңдар ма?
Алуа: Иә, апай. Қайырымдылық қоры көрме өткізіп жатыр. Киім тігіп сол көрмеге апарамыз. Жиналған ақшаны мұқтаж адамдарға жібереміз.
Сатушы: Мен де қатысқым келеді.
Алуа: Мен сізге телефон нөмірін берейін. Осы нөмірге қоңырау шалыңыз. Толығырақ ақпарат алуға болады.
Сатушы: Рақмет! Осы матадан қанша метр керек?
Эмилия: Үш метр жетеді.
Сатушы: Мінеки, ала қойыңдар.
Эмилия: Рақмет, апай! Саудаңыз жүрсін!
Сатушы: Сендерге рақмет! Келіп тұрыңдар, қыздар!