65 Диалогтар: (11-күн)
“Әр оқырман көшбасшы емес, бірақ әр көшбасшы – оқырман”
Сатушы: Сәлеметсіз бе! «Көшбасшы» дүкеніне қош келдіңіз! Менің есімім- Арсен, сұрақтарыңыз болса, сізге көмектесемін.
Жансая: Сәлеметсіз бе! Бүгін сіңлімнің туған күні. Оған кітап сыйлағым келеді. Қандай кітап алуға кеңес бересіз?
Сатушы: Сіңліңіз нешеге толады?
Жансая: Он тоғызға толады.
Сатушы: Сіңліңіз Абайдың «Қара сөздерін» оқыды ма?
Жансая: Білмеймін, мүмкін әлі оқымады. Қазір жастар осы кітапты оқуы керек деп ойлаймын!
Сатушы: Иә, келісемін. Бұл кітап соңғы уақытта ең көп сатылған кітаптардың бірі. Осы басылымның мұқабасы талғаммен жасалған. Бұл жастарды да қызықтырады.
Жансая: Керемет! Онда осы кітапты алайын.
Сатушы: Кітапты әдемі қағазбен орайық па?
Жансая: Иә, жақсы болар еді. Рақмет сізге!
***
Мұқабаның маңызы
Жансая: Аяулым, туған күнің құтты болсын! Мынау сенің сыйлығың!
Аяулым: Көп рақмет! Өте қуаныштымын!
Жансая: Жазғы демалыста оқырсың.
Аяулым: Әрине, кітап оқу менің ең сүйікті хоббиім. Орамасы әдемі екен! О, мұқабасы да, кітаптың өзі де керемет екен. «Абайдың қара сөздері»… Бұл мен үшін ең бағалы сыйлық болды! Шіркін, кітапханадағы барлық кітаптардың мұқабасы осындай сәнді болса!
Жансая: Кітап сатушының айтқаны рас екен… Бұл кітап сен үшін пайдалы да, қызықты да болар.
***
Әрдайым өзекті
Жансая: Аяулым, кітап қалай екен? Оқып бітірдің бе?
Аяулым: Аз қалды. Осы аптада аяқтаймын.
Жансая: Кітап туралы не ойлайсың?
Аяулым: Меніңше, Абайдың бұл шығармасы өзекті. Абай дана жазушы.
Жансая: Иә, Абай әрі ұлы ақын. Сенен кейін мен де қайта оқиын.