71 Диалогтар: (12-күн)
Ерте жастан ғылымға баулу
Ернар: Алло, Динара, сәлем!
Динара: О, сәлем, Ернар! Қалың қалай?
Ернар: Менде бәрі керемет. Өзің қалайсың?
Динара: Жақсы, рақмет. Сөйлеспегелі көп болды… Қалаға қашан келдің?
Ернар: Кеше пойыздан түстім. Кездесейік пе?
Динара: Иә, кездесейік! Маған сенің көмегің қажет.
Ернар: Бір ауыз сөзің ғой. Айтсаң болды. Не істеу керек?
Динара: Інілерім мен сіңлілерім роботехникаға қызығып жүр. Робототехника туралы кітаптарды іздеп жүрмін. Қай дүкенде сатылады? Білесің бе?
Ернар: Интернеттен қарайық. Дүкендердің сайттарынан іздейік. Ал ертең қаладағы кітап дүкендерін аралайық. Қалай қарайсың?
Динара: Иә, солай істейік! Рақмет!
Ернар: Келістік, ендеше!
***
Жасампаз жандар кітап оқиды
Динара: Ернар, кітаптарды сатып алдым. Сенің арқаңда бір емес, екі емес, төрт кітап алдым!
Үнсіздік
Динара: Ернар?
Ернар: Қара, мен де өзіме екі кітап таптым. Біреуін ғана таңдауым керек. Сенің ойыңша, қайсысын алғаным дұрыс? Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысын» алайын ба? Әлде Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революциясын» алайын ба?
Динара: Екеуін де алсаң қайтеді?
Ернар: Екі кітапты бірдей оқи алмаймын. Алдымен бір кітапты аяқтаймын. Содан кейін екінші кітапқа көшемін.
Динара: Енді мен де сөйтемін.
Ернар: Сонымен, қайсысы?
Динара: Швабты ал.
Ернар: Неліктен?
Динара: Онсыз да жасампаз адамсың. Ол кітап күте тұрар.
Ернар: Мен де күте тұрармын! (күледі)
***
Кітап – ең жақсы сыйлық
(Есікті тоқылдатады)
Динара: Сәлем, Ернар!
Ернар: О, Динара, сәлем!
Динара: Мазалаған жоқпын ба? Ескертусіз келіп тұрмын. Мынау саған!
Ернар: Бұл не? (Қағаздың сықыры естіледі). Стивен Кови! Әуре болдың ғой… «Швабты» кеше бітірдім..
Динара: Сен болмасаң, роботехника туралы кітаптарды таппас едім. Бауырларым өте қуанды. Сол үшін алғысымды білдіремін.