77 Диалогтар: (13-күн)
Бір кітап өмір өзгерте алады
Ерболат Қадірұлы: Ал, құрметті студенттер, сабағымызды жалғастырайық. Бүгінгі тақырыпқа көшпес бұрын, сіздерге бір сұрағым бар. Өміріңізді өзгерткен кітап бар ма? Бар болса, ол кітаптың аты қандай? Ол кітап өміріңізді қалай өзгертті?
Лаура: Ерболат Қадірұлы, бір жазушы бар… Өмірімді өзгертпеді, бірақ ой-өрісімді өзгертті.
Ерболат Қадірұлы: Лаура, құлағым сенде. Айта ғой.
Лаура: Ювал Ноаһ Хараридің кітаптары қазақшаға аударылған екен. Мен олардың барлығын оқыдым. Бұл кітаптар адам табиғатына, адамзат тарихына деген көзқарасымды өзгертті.
Жамилә: Лаура, Хараридің кітаптары қазақшаға аударылғаны шын ба?
Ерболат Қадірұлы: Керемет! Хараридің кітаптарын тағы кім оқыды?
Жамилә: Бұл жазушы жайлы бірінші рет естіп тұрмын. Ағай, ал сіз оның кітаптарын оқыдыңыз ба?
Ерболат Қадірұлы: Жақсы сұрақ қойдың, Жамилә. Әлі оқымадым. Егер сіздер Харариді талқылағыңыз келсе, оқимын.
Жамилә: Кітаптарды қай жерден оқи аламыз?
Лаура: kitap.kz-тен таба аласыздар.
Ерболат Қадірұлы: Бұл сұрақты неге қойдым? Себебі сабақтан тыс кітап оқуыңыз керек. Ендеше, тапсырманы жазып алыңыздар. Келешекте қай кітаптарды оқығыңыз келеді? Олардың тізімін жасаңыздар.
***
Кітап және қоршаған орта
Ануар: Лаура, тоқтай тұршы. Харари кітаптарының сілтемесін маған жібере аласың ба? Маған оның кітаптары қызық боп тұр.
Лаура: Қазір кітапханаға бірге барайық.
Ануар: Кітапханаға барсақ, келесі сабаққа үлгереміз бе?
Лаура: Иә, үлгереміз. Айтпақшы, Ануар, электронды кітап ұнай ма, баспа кітап ұнай ма?
Ануар: Баспа кітап ұнайды.
Лаура: Ал маған электронды кітаптар ұнайды. Смартфоннан оқыған ыңғайлы.
***
Бар зейінім кітапта
Ануар: Лаура! Сәлем, Лаура!
(Үнсіздік)
Ануар: Лаура, естімедің бе?
Лаура: О, сәлем! Құлаққап тағып, естімей қалдым. Қалайсың?
Ануар: Жақсы, жаман емес. Өзің қалайсың?
Лаура: Бәрі керемет! Сұрағаныңа рақмет!
Ануар: Не тыңдап жатырсың?
Лаура: Аудиокітап тыңдап жатырмын.
Ануар: Кеше электронды кітаптардың пайдасы мен зиянын талқыладық. Ал бүгін аудиокітаптардың пайдасы мен зиянын талқылайық.
Лаура: Аудиокітаптар уақытты үнемдейді.
Ануар: Бірақ аудиокітапқа назар аудару қиын. Қайтадан бірнеше рет тыңдаймын.