83 Диалогтар: (14-күн)
Ізденіс жас талғамайды
Дидар: Анашым, жасым жиырмада болса да, кейбір сөздердің мағынасын білмеймін. Мысалы, «крипто-ақша», «блокчейн» деген сөздерді енді білдім.
Дидардың анасы: Бұл сөздерді жиі естимін. Олар жаңалықтарда көп айтылады. Бұл туралы іздестірдім.
Дидар: Ал сіздің жас кезіңізде қаржы тақырыбы өзекті ме еді?
Дидардың анасы: Қаржы мәселелері әрқашан маңызды.
Дидар: Сіздің ойыңызша, қазіргі кезде Интернетке ақша салу дұрыс па?
Дидардың анасы: Меніңше, сіз таза жолмен табыс тапсаңыз, уақытылы салық төйлесеңіз, әрине, дұрыс.
***
Жаз, жас азамат!
Оқытушы: Құрметті студенттер, дәрісімізді бастайық. Алдымен, мына сұраққа жауап берейік. Біз ғылыми мақалаларда көп статистикалық ақпарат береміз. Халық санын бөлген кезде, «жас адамдар» категориясына қай азаматтар кіреді?
Дидар: Қырық бес жасқа дейінгі азаматтар.
Оқытушы: Дидар, жауабыңыз әрі дұрыс, әрі қате. Неліктен олай?
Дидар: Себебі Қазақстанда отыз жастан кіші азаматтар «жастар» категориясына жатады. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айтуынша, қырық бес жастан кіші адамдар «жастар» категориясына жатады.
Оқытушы: Иә, өте дұрыс айтасыз. Жылдан жылға бұл «жастар» ұғымы өзгеріп жатыр. Форумда осыны талқылайық.