95 Диалогтар: (16-күн)

Болашақты жоспарлау

Сания: Оксана, көңіл-күйің жоқ сияқты. Не болды?

Оксана: Ертең менің туған күнім. Жиырма екіге толамын. Осы күнге дейін не істедім? Қандай жетістікке жеттім? Осы сұрақтар мені мазалайды.

Сания: Оксана, көп уайымдама. Бәрі де жақсы болады. Мен сендей еңбекқор, талапты адамды көрген жоқпын. Сенің қолыңнан бәрі келеді!

Оксана: Білесің бе, бала кезімде көп арманым болатын. Солардың бірі – жиырма жасымда ата-анамнан бөлек тұру. Сонымен бірге шетелді аралау, көлік жүргізуді үйрену.

Сания: Мен қазір де көп армандаймын. Әсіресе, саяхаттағанды ұнатамын. Сен қай елге бармақшысың?

Оксана: Мысалы, Грекия, Аустрия, сондай-ақ Мажарстан мен Үндістанға да барғым келеді. Ал Қазақстанның қалаларын көлікпен араламақшымын.

Сания: Онда саяхатымызды Қазақстанның қалаларынан бастайық.

Оксана: Келістік.

Сания: Оксана, көңіл-күйің көтерілді ме?

Оксана: Иә, рақмет, сөйлескеніміз жақсы болды!

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book