105 Диалогтар: (18-күн)

Заман өзгерді

Нариманның әжесі: Қарағым, түс болды. Бұл не жатыс? Ерте тұрғанның ырысы көп болады. Қашан тұрасың енді?

Нариман: Әже, мен түні бойы емтиханға дайындалдым. Қазір тұрамын.

Нариманның әжесі: Алдын ала неге дайындалмадың? Бәрін соңғы күнге қалдырмай…

Нариман: Ой, әже. Сіздің кезіңізде мұндай көп тапсырма болмаған шығар.

Нариманның әжесі: Болғанда қандай. Бізде тапсырма да, жұмыс та көп болды ғой, қарағым. Сендер сияқты соңғы күнге қалдырмайтынбыз.

Нариман: Қазіргі заман өзгерді, әже. Бұрынғыдай емес.

 

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book