9 Диалогтар: (2-күн)

Мамандық туралы ізденіс


Мұғалім: Құрметті оқушылар, бүгінгі қонақтарымыз – Арайлым және Еркін. Олар  өз мамандықтары туралы сұрақтарыңа жауап береді. Ал Арайлым, Еркін, өздеріңізді таныстырыңыздар!

Еркін: Барлықтарыңызға сәлем! Менің атым – Еркін. Мен Антропология факультетінде оқимын. Мен үшінші курстамын. Антропология мамандығы өте қызықты. Бүгін сендерге өз мамандығым туралы айтамын.

Арайлым:  Сәлем, достар! Менің есімім – Арайлым. Құрылыс инженерлігі мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Мен қазір екінші курс студентімін. Құрылыс инженерлері ғимараттардың, жолдардың, көпірлердің, әуежайлардың, су каналдарының, тунельдердің жобасын жасайды. Құрылыс инженерлерінің жұмысы өте маңызды.

Мұғалім: Рақмет, Еркін, Арайлым! Иә, Сания, сұрағың бар ма?

Сания: Иә, менің бірнеше сұрағым бар. Еркін аға, сіз неге бұл мамандықты таңдадыңыз? Антропологтар немен айналысады? Қазақстанға антрополог мамандар қажет пе?

Еркін: Сұрақтарыңа рақмет, Сания. Антропология мамандығы маған ұнайды. Антропологтар адамзат тарихын, мәдениетін зерттейді. Иә, әрине, Қазақстанға антрополог мамандар қажет. Себебі өз мәдениетімізді жақсы білуіміз керек.

Мұғалім: Кімде тағы сұрақ бар?

Азамат: Менің сұрағым келеді. Арайлым, болашақта қай салада жұмыс істегіңіз келеді?

Арайлым: Мен бұл туралы әлі ойланбадым. Мүмкін соңғы курста шешемін.

Мұғалім: Арайлым, Еркін, сіздерге рақмет! Оқуда сәттілік тілейміз! Жақсы маман болыңыздар!

 

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book