116 Диалогтар: (20-күн)

Тапсырыс беру

Даяшы:  Алло, «Раушан» мейрамханасы. Сізді тыңдап тұрмын.

Әлімжан: Сәлеметсіз бе! Тапсырыс берейін деп едім. Тапсырысты үйге дейін жеткізесіздер ме?

Даяшы:  Иә, әрине. Қандай тапсырыс бергіңіз келеді? Мәзірді вебсайтымыздан көрсеңіз болады.

Әлімжан:  Мәзірмен таныспын. «Мерекелік» салаты мен «Маргарита» пиццасына тапсырыс бергім келеді.

Даяшы:  Өте жақсы таңдау! Біздің мейрамхана пицца және салаттарымен танымал.

***

Көп қырлы аргумент

Салтанат:  Бүгін ерекше күн. Бірінші айлығың түсті. Соның құрметіне пицца алдық. Тойладық десек те болады.

Әлімжан:  Иә, бірақ сырттан тамақтану денсаулыққа кері әсерін тигізбей ме?

Салтанат:  Қалайша?

Әлімжан:  Нақты себебі есімде жоқ.

Салтанат: Мен бұнымен толық келіспеймін. Біріншіден, сырттан тамақтану уақытты үнемдейді. Екіншіден, адам ағзасына түрлі тағам қажет.

Әлімжан:  Сөзіңнің жаны бар. Алайда сырттан жиі тамақтану денсаулыққа зиян. Үйдің тамағына не жетсін!

***

Төл рецепт

Әлімжан:  Салтанат, сенің ойыңша, үйде пісірілген фаст-фуд өнімі мен сырттан алынған фаст-фудтың қандай айырмашылығы бар? Бүгін кешке өзіміз чизбургер дайындағанға қалай қарайсың?

Салтанат:  О, әрине де оң қараймын.

Әлімжан:  Дайындау тәсілін сәл өзгертейік. Мен ірімшіктің аз болғанын қалаймын.

Салтанат:  Ал мен пиязды көбірек қосқым келеді.

Әлімжан:  Неге?

Салтанат:  Себебі пияздың мол болғанын жақсы көремін…

Әлімжан:  Ал мен салат жапырақтарының орнына қырыққабат қосқым келеді.

Салтанат:  Рецепті мүлдем өзгерттік. Біз бұны енді «чизбургер» деп атамайық.

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book