123 Диалогтар: (21-күн)
Туған жерімді сағындым!
Аяжан: Сәлем, Жанат! Дауысым естіліп тұр ма?
Жансая: Сәлем! Иә, анық естіліп тұр. Апта сайын Zoom арқылы сөйлесу – өте жақсы идея!
Аяжан: Келісемін. Аяжан, бүгін сендерде ауа райы қалай?
Жансая: Жаңбыр жауып тұр. Чикагоның ауа райы Қазақстанның ауа райына ұқсайды.
Аяжан: Ал бізде жел соғып тұр. Алматыны сағындың ба?
Жансая: Әрине! Бүгін бір түс көрдім. Түсімде Алматыда серуендеп жүрмін.
Аяжан: Түсіңді жақсыға жориық. Мүмкін, түсіңнің мағынасы – жазғы демалыста Алматыға келесің.
Жансая: Солай болса екен! Тағылымдаманы Чикагодан емес, Алматыдан іздесем қайтеді?
Аяжан: Иә, университетің рұқсат бере ме?
Жансая: Рұқсат береді деп ойлаймын. Аяжан, ал сенде не жаңалық?
Аяжан: Мен, керісінше, тағылымдамадан шетелде өткім келеді. Іздеп жүрмін. Тағылымдамадан АҚШ-та бірге өтсек қайтеді?
Жансая: Ренжіме, Аяжан, мен тағылымдамадан Алматыда немесе Нұр-Сұлтанда өтемін. Туған жерімді сағындым…
***
Аяжан: Инаббат әпке!
Инаббат: Аяжан, сәлем! Сені танымай қалдым. Қалың қалай?
Аяжан: Жазда тағылымдамадан өтуім керек. Шетелде өткім келеді. Шетелде өтсем, өзімді отансүйгіш азамат ретінде санай аламын ба?
Инаббат: Әрине, көп қазақстандық жастар шетелде білім алып жүр. Сен де басқа елде мол тәжірибе жинайсың. Оқуды бітіргеннен кейін Отанға қызмет етесің!
Аяжан: Шынымен де…
Инаббат: Уайымдама, Аяжан, тағылымдама бірнеше ай жалғасады. Ал Отанға өмір бойы қызмет етеміз!