128 Диалогтар (22-күн)
Жандос: Дана, кітапхана жиырма минуттан кейін жабылады. Тапсырмаларыңды орындап болдың ба? Қазір не істеп жатырсың?
Дана: Тапсырмаларымды аяқтадым. Енді пост жазып отырмын. Ертең жеке блогымда жарияламақшымын.
Жандос: “Пост” сөзінің қазақшасы жоқ па?
Дана: Әзірше аудармасы жоқ, болса жақсы болар еді.
Жандос: Ол жазбаң не туралы?
Дана: “Отанды сүйе білу” деп аталады.
Жандос: Неге жай “Отанды сүю” деп аталмайды?
Дана: Өйткені көбіміз отанға деген махаббатты әртүрлі түсінеміз.
Жандос: Сен өзің қалай ойлайсың?
Дана: Менің пікірімше, отанды сүю – тұрақты, әрі берік сезім. Ал отанды сүйе білу дегеніміз сүйіспеншілігіңді одан әрі арттыру.