133 Диалогтар (23-күн)
Өз елімізді білейік
Серік: Пойызбен жүргенді ұнатамын. Біздің пойыздар саяхатқа шығу үшін өте ыңғайлы.
Азамат: Бұл – менің алғашқы саяхатым. Пойызбен бірінші рет келе жатырмын. Купе ыңғайлы екен.
Серік: Азамат, біздің елде аралайтын көп жер бар. Мен біраз жерде болдым. Сен ше?
Азамат: Өкінішке орай, мен Қазақстанды жақсы білмеймін. Алматы жақта ғана болдым. Өзімнің туған жерім Талдықорған болғандықтан шығар.
Серік: А-а-а, солай ма? Қазақстанда мысалы, Маңғыстау жерінде Бозжыра шатқалы бар, шығысында Алтай таулары бар. Алматыдағы Қайыңды көлде болдың ба?
Азамат: Иә, болдым. керемет жер. Былтыр отбасыммен бірге аралағанбыз.
Серік: Еліміз табиғат жағынан да, тарихи ескерткіштер жағынан да өте бай. Отанымызды қадірлей білейік.