161 Диалогтар (28-күн)
Қоқысты сұрыптау
Жанар: Сәлем, Маржан! Көшіп жатырсың ба? Қолыңдағы жүгің ауыр сияқты.
Маржан: Сәлем, Жанар! Жоға, бұл балконда сұрыптап жинаған пластик, шыны, қағаз қоқыстар ғой.
Жанар: Үйіңнің жаныңда бұл қоқыстарды тастайтын арнайы жәшіктер жоқ па?
Маржан: Өкінішке орай, жоқ. Сол үшін өзім апара жатырмын.
Жанар: Қызық екен. Қазір барлық үйлердің жанында түрлі-түсті жәшіктер орнатылып жатыр ғой.
Маржан: Әзірше бұл өзгеріс біздің ауданға келмепті. Жақында келер деп үміттенемін.
Жанар: Сұрыпталған қоқысты ерінбей апарып өткізуің сенің табиғатқа деген жанашырлығыңды көрсетеді.