15 Диалогтар: (3-күн)

Жұмыс пен оқуды қатар алып жүру


Айдана: Қайнар! Әсел!  Сұлтан!

Қайнар:  О, сәлем, Айдана!

Сұлтан: Айдана, сені көргеніме қуаныштымын!

Әсел: Сені қатты сағындық!

Сұлтан: Сені көрмегелі көп болды! Қанша уақыт өтті?

Айдана: Бір жыл болды. Мен сендерді бұл дәмханада бұрын көрмедім.

Қайнар: Мен бүгін бірінші рет келіп тұрмын. Айдана, сен бұл дәмханада не істеп жүрсің?

Айдана: Мен осында жұмыс істегім келеді. Сабақтан кейін бос уақытым бар. Біраз тәжірибе жинауым керек.

Сұлтан:  Оқу мен жұмыс бірге қиын болмай ма? Қалай ойлайсың?

Айдана: Мүмкін қиын болады. Бірақ мен өзіме сенімдімін. Жаңа жұмысты тез үйренемін.

Әсел: Менің ойымша, бұл жұмыс студент үшін өте ыңғайлы. Көп студенттер сабақтан кейін жұмыс істейді.

Қайнар: Иә, менің курстастарым да жұмыс істеп жүр. Олар сабақтарын жақсы оқиды. Айдана, мен сені қолдаймын. Дұрыс шешім.

Айдана: Қолдауларыңа рақмет.

Әсел: Саған сәттілік тілейміз!

***

Әсел: Алло, Айдана, сәлем!

Айдана: Сәлем! Қалайсың?

Әсел: Менде бәрі жақсы. Сенің қалың қалай? Жұмысқа қабылдады ма?

Айдана: Иә, сол күні бастадым. Қазір көмекші ретінде жүрмін.

Әсел:  Қуаныштымын. Оқуың қалай? Үлгересің бе?

Айдана: Иә, үлгеремін. Сенде не жаңалық?

Әсел:  Жаңалық көп. Дәмханаға келсем бола ма? Әңгімелесейік.

Айдана: Әрине, болады. Жұмыс сағат алтыда бітеді. Сол кезде кел.

Әсел: Жақсы. Сау бол.

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book