195 Диалогтар (34-күн)
Екпе алу
Самал: Сәлеметсіз бе, екпе алу туралы ақпарат алайын деп едім.
Дәрігер: Сәлеметсіз бе, өткен жылы екпе алдыңыз ба?
Самал: Иә, алдым. Бірақ биыл жаңадан алуым керек. Саяхатқа шығу үшін шетелде ревакцинациядан өту талап етіледі.
Дәрігер: Біздің емханамызда отандық және шетелдік екпелер бар. Солардың біреуін таңдауыңызға болады.
Самал: Биыл жазда Еуропа елдеріне баруды жоспарлап отырмын. Сол себепті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған екпені таңдайын.
Дәрігер: Олай болса, сізге екі рет екпе салғызу керек.
Самал: Әрине.
Дәрігер: Төлқұжатыңызды беріңіз. Мына сауалнаманы толтырып, қол қойып беріңіз.