200 Диалогтар (35-күн)
Карантин жеңілдетілді
Әйгерім: Алло, сәлем, Самал! Қалың қалай?
Самал: Сәлем, жақсы. Жолға дайындалып жатырмын.
Әйгерім: Иә, есімде айтқаның. Ол жақтағы карантин мен шектеу шаралары туралы білдің бе?
Самал: Иә, күнделікті бақылап отырмын. Қазір біраз жеңілдетілген. Бірақ көпшілік орындарда бетперде тағу, арақашықтықты сақтау сияқты шаралар әлі де бар екен.
Әйгерім: Шетелден келген азаматтарға ПТР тестілеу нәтижесі керек пе?
Самал: Дүниежүзілік ұйым мақұлдаған екпең болса, міндетті емес.
Әйгерім: Біздің елде де карантин шектеулері бүгіннен бастап жеңілдетілді. Өйткені Ковид жұқтырғандар саны азайып, екпе алғандар саны да артып жатыр.
Самал: Иә, екпенің көп пайдасы болды. Бетперде тағып жүруді де үйрендік. Ол жақта да барынша сақтануға тырысамын.
Әйгерім: Жолың болсын! Сау бол!
Самал: Рақмет, сен де аман бол!