212 Диалогтар (37-күн)

Электрондық қызмет

Арман: Асыл, маған мекен-жайға тіркелу керек. Сен электрондық қызмет жүйелерін пайдаландың ба?

Асыл: Иә, өткенде жүргізуші күәлігін алу үшін қолдандым.

Арман: Ааа, солай ма? Мен бұған дейін электрондық қызметтерді көп қолданбаппын.

Асыл: egov.kz сайтында мемлекеттік қызметтер және онлайн ақпарат орналасқан. Оның тіпті мобильдік нұсқасы да бар. Мекен-жайға оп-оңай тіркелуге болады. Алдымен жеке кабинетке тіркелуің керек. Оның бірнеше жолы бар. Электронды қолтаңба немесе digital ID арқылы порталға кіруге болады.

Арман: Біздің елімізде де цифрлық қызмет беру түрлері күннен-күнге артып келе жатыр екен. Бұл біздің қоғам үшін өте жақсы жаңалық.

 

License

Icon for the Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License

LEARN ACADEMIC KAZAKH Copyright © 2023 by FUNDA GUVEN is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License, except where otherwise noted.

Share This Book